Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Елімізде электр энергиясы тағы қымбаттайды

Елімізде электр энергиясы тағы қымбаттайды

Жалақының төмен болуынан саладағы білікті мамандар жұмыстан кетуде. 2021 жылдың наурызындағы мәліметке сәйкес, электр энергиясы тарифтері бір жылда 2,3%-ға өсті, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы energyprom.kz-ке сілтеме жасап.
2020 жылдың наурызында тарифтердің жылдық өсімі 4% болған. Қазақстанда электр энергиясының бағасы айтарлықтай көтерілуі мүмкін: осы жылдың 1 сәуірінде Энергетика министрлігі энергия өндіруші 45 компанияның 37-сі үшін электр энергиясының шекті бағасын бекітті. Орташа өсім – 15%.  2020 жылдың қорытындысы бойынша энергетикалық активтердің 53%-ы тозған. Олардың басым бөлігі 1960-1970 жылдары пайдалануға берілген. Сондай-ақ электр және жылу энергетикасы саласында кадр тапшылығы сезіледі. Жалақы төмен болғасын білікті мамандар жұмыстан кетіп жатыр. Алайда электр энергиясын өндіру өсуде. 2021 жылдың қаңтар–наурызында 30,7 млрд кВт/сағат электр энергиясы өндірілген. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 4,2%-ға артық.  Электр энергиясын тұтыну көлемі де өсуде: бір жылда ол — 3,4%-ға өсіп, 30 млрд кВт/сағат электр энергиясы пайдаланылған. Электр энергиясын негізінен жылу және газ турбиналы электр станциялары өндіріп жатыр: 28,1 млрд кВт/сағат. Бұл 2020 жылдың қаңтар-наурызымен салыстырғанда 7,8%-ға артық. Су электр станцияларының электр энергиясын өндіруі 9,5%-ға немесе 1,9 млрд кВт/сағатқа қысқарды. Жаңартылатын энергия көздері (ЖЭК) нысандарының энергияны өндіруі 57,2%-ға немесе 693,5 млн кВт/сағатқа өсті. ЖЭК үлесі 1,5%-дан 2,3%-ға артты.


21 сәуір 2021 ж. 1 861 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930