Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Мақсат – міндетті мінсіз атқару

Мақсат – міндетті мінсіз атқару

Темірдей тәртіп, жүктелген міндетті мінсіз атқару, тапсырманы тиянақты орындау теміржол саласында еңбек ететін жандарға тән мінез. Бұл салада өздеріне артылған жауапкершілік жүгінің салмағын сезіне білген жандар ғана жұмыс істей алады. Себебі талай адамның тағдыры олар жөндеген, салған рельстің бойында өтеді.
Көлік қызметкерлерінің кәсіби мерекесі қарсаңында біз барған мекеменің бірі – 60 - Қазалы жол дистанциясы.
Сонау 1905 жылы Ташкент темір жолына қарасты №3 Қазалы жол дистанциясы деген атаумен ашылып, Самара Златауск темір жолына қараған. 1922 жылдан бастап 1958 жылға дейін Орынбор темір жолына қарасты 11-Қазалы жол дистанциясы деген атаумен аталды. 1958 жылдың маусым айынан бастап 1977 жылға дейін 49-Қазалы жол дистанциясы деген атаумен Қазақ темір жолына қарады. 1977 жылдан 1997 жылдың 01-ақпан айына дейін «Батыс Қазақстан темір жолы», 1997 жылдың 01 ақпан айынан бастап РГП «Қазақстан темір жолы» 60-Қазалы жол дистанциясы болды. Мекеме атауы бірнеше рет өзгерді. 2000 жылдан 2001 жылға дейін Қызылорда жол бөлімшесіне қарасты 60-Қазалы желілік жол дистанциясы деп аталды. Одан кейінде әр жылдары 60-Қазалы жол дистанциясы, «Инфрақұрлым» Еншілес мемлекеттік кәсіпорынның филиалы Қазалы жол дистанциясы, «Қазақстан темір жол» Ұлттық компаниясы Жабық акционерлік қоғамы Қазалы жол дистанциясы филиалы. «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы Акционерлік қоғамы Қазалы жол дистанциясы филиалы аталды. 2013 жылдан бастап «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы Акционерлік қоғамының «Ірілендірілген Қазалы жол дистанциясы» филиалы болса, 2017 жылдан бүгінгі күнге дейін «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы - «Қызылорда магистральдық желі бөлімшесі» филиалының Қазалы жол дистанциясы деп аталып келеді.
Мекеме атауы сан мәрте өзгергенімен атқаратын қызметі бір. 1934 жылдан бастап жеңіл типті 3-а және 4-а рельстері, төсеніш ретінде, құм балласты пайдалана бастады. Бұл жылдары поездар жылдамдығы сағатына 30-40 км, ал жолдың ұзындығы 150 км құрады. 1947 жылдан бастап Р-43 типті рельстерді, ал 1959 жылдан бастап, Р-50 типті рельстерді сала бастаған, төсеніші кариерлік төсеніш тасқа орналастырылып жолдың ұзындығы 183,3 км дейін ұзартылған. 1966 жылдан бастап рельстердің типі Р-65 ке ауыстырылып, төсеніші шебінге орналастырылған. 1977 жылдан бастап түйіспесіз рельстер жұп жолдарға салына бастады.
2013 жылдың қараша айына дейін Қазалы жол дистансасы Сексеуіл мен Қазалы аралығын қамтыды. Осы екі аралықта 1980 жылдан бастап КСРО Министрлер кеңесінің шешіміне сәйкес екінші жолдың құрылысы жүргізіліп, 1988 жылы аяқталды. Бұл екі аралықтағы бұрынғы барлығы 22 станса мен разъездерден жұмыс жасайтын 9 станса қалып, қалған 13 разъезд жабылды. Аталған жылдың қарашасынан бастап 60 – Қазалы жол дистанциясы, 58 – Жосалы жол дистанциясы қосылып, Сексеуіл-Қазалы-Жосалы аралығын қамтып, ірілендірілген Қазалы жол дистанциясы болып аталды. Басты жолдың ұзындығы барлығы –793,0, станса жолдың ұзындығы – 174,6. Бағыттағыш бұрмалар – 628 барлық жұмышылар саны – 578 адам.
Қазіргі таңда Қазалы жол дистансасы Аралқұм стансасынан Қаракеткен стансасына дейінгі аралықта қызмет көрсетеді. Қарамағында барлық ұзындығы 519,8 шақырым басты жол, 127,3 шақырым стансалық жол және 410 бума бағыттағыш бұрма бар. Бұған қоса 225 жасанды құрылыс, 55 қызметтік-техникалық ғимарат және 11 темір жол өткелі бар. Қазалы жол дистансасы ұжымы осы көрсетілген аралықтағы жолдарды күнделікті ағымдық жөндеумен айналысады.
2014 жылдың қараша айынан бастап аралықта Тұлпар – Тальго вагонды жүйрік поезды пайдалануға берілді. Дистанция аралығы 21 айналым және 5 өндірістік телімге бөлінген. Мекемеде барлығы 400 адам жұмыс жасайды. Оның ішінде: басқару аппаратында 5, қызметкерлер 19, цех басшылары – 3, телім бастығы 5, орынбасарлары – 5, жол шеберлері 27, жол жөндеушілер 246, өткел кезекшілері 20, жол машина наладчигі 2, жол машина машинистер мен дрезина жүргізушілері 22, автокөлік жүргізушілер 11, жасанды құрылыс жөндеушілері 11 және басқа мамандықтарда 20 адам еңбек етеді. Үлкен ұжымды ұйытқып, ауызбірлікте басқарып отырған білікті басшысы Аманкелді Құсанов.
– Қазалы жол жол дистансасы бойынша соңғы 27 жылда жұмыс кезінде ешқандай ақау жіберілген жоқ. Мекемеде еңбек тәртібін бұзу және өндірісте жарақат алу оқиғалары тіркелмеген.
Ұжым үшін жыл жемісті басталды десек артық болмас. Қазіргі күнге дейін 4 850 107 теңге болатын 19,31 шақырымға күрделі жөндеу, теміржолды жаңадан ауыстыру жұмыстары жасалды. Бағыттағыш бұрмаларды жаңадан ауыстыру бойынша жоспарланған 19 бұрманың алты айда 7-еуі істелді. Қаржысы 409 894 000 теңгені құрайды.
Бұл көрсеткіштер үлкен жетістік десек болады. Мақсат – міндетті мінсіз атқару. Пойыздар қозғалысын қамтамасыз етуде күш-жігерін аямай жүрген барша жұмысшы-қызметкердің еңбегі өлшеусіз. Жаздың мынадай аптапты күні уақытпен санаспай, тынбай тер төгуде. Әр еңбеккердің ісі мақтауға тұрарлық, – дейді мекеменің бас инженері Серікхан Аймағамбетов.

Ұлболсын ЕРБОЛҚЫЗЫ

03 тамыз 2024 ж. 331 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031