Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Құрылғыларды жөндеу маманы

Құрылғыларды жөндеу маманы

Бір ғасырдан аса қызмет етіп келе жатқан «Қамқор Локомотив» ЖШС филиалы Қазалы локомотив жөндеу зауыты алғашында Орынбор-Ташкент темір жолының Қазалы паровоз депосы деген атауда болған. Алдағы екіжылдықта 120 жылдығын тойлайтын зауыттың атауы бірнеше рет өзгерген.
Атап айтқанда, депо бастапқыда Орынбор-Ташкент қазыналық темір жолы Қазалы паровоз-вагон негізгі депосы, паровоз депосы, кейін локомотивтердің-тепловоздардың жаңа типтері шығуына байланысты локомотив депосы болып аталды. Осындай уақыт сынынан өткеннен кейін «Қазақстан темір жолы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнында мекемелерде қосымша жұмыс орнын ашып-жөндеуді, өндірісті шоғырландыру, тепловоздарды жөндеуге өндірістік қуатты дамыту мақсатында «Қазақстан» темір жолы» бұйрығымен Қазалы локомотив депосы ТЭМ-2 сериялы маневрлі тепловоз жөндеу зауыты болып қайта құрылды. Ал 2009 жылдың қараша айынан бастап «Қамқор Локомотив» ЖШС-нің «Қазалы локомотив жөндеу зауыты» филиалы болып қайта құрылды.
Бүгінде зауытта 375 адам жұмыс істейді. Оның 40-ы басқару аппаратында, 335-і жұмысшы, 80-і жоғарғы білімді, 88 адамның арнаулы техникалық білімі бар. Мекемеде 49 әйел, 326 ер кісі үздіксіз еңбек етеді. Солардың қатарында ұжым арасында сыйлы Әділбек Тәңірбергенов те бар. Ол өмірінің 45 жылын осы теміржол саласына арнаған. Күш-қуаты бойында тұрған жас бозбала кезінде Локомотив депосына ағаш ұстасының көмекшісі болып қабылданған. Бір жыл қызмет еткен соң әскерде азаматтық борышын өтеп, жұмысына қайта орналасады. Бұл жолы электрмонтердің көмекшісі ретінде жұмыс бастайды.
– Кезінде заманның кеңдігі шығар теміржолға тұрғандардың жағдайы өзгелерден әлдеқайда жақсы болатын. Оны осы саланың майын ішіп, жілігін шағып жүрген әкемнен байқайтынмын. Сол шақта жалақысы да жақсы. Былай-былай емін-еркін жүріп-тұруға жолдамалар жиі беретін. Осыған іштей қызығып жүргендіктен депоға әуелгіде жай жұмысшылыққа келдім. Тегін бір жылға екі мәрте қолданатын жол билеті, демалысқа жан-жаққа жолдамалар алатынбыз. Бәрі ағыл-тегіл болды. Қазір де нарық қыспағына қарамастан жағдайымыз жаман емес. Мейрам сайын сый-сияпаттар ұсынылып, арагідік жолдама да алып тұрамыз. Басшылық тарапынан барлық мүмкіндік жасалады, – дейді Әділбек Изтайұлы.
Әділбек Изтайұлы Ақтөбе локомотив пайдалану депосында да жұмыс істеген. Онда Ақтөбе теміржол техникумын жол жөндеу маманы ісін бітіріп шығады. Дегенмен өзінің алғырлығы мен зеректігінің арқасында 12 күндік сабақ алып, тепловоз машинистінің көмекшісі болады. Алайда ол жақта жерсінбей, Қазалы локомотив жөндеу зауытына қайта келеді. Содан бері зауыттың электр жабдықтарын жөндеу 1 цехында күндізгі бөлімде еңбектенеді. 1 разрядтан 6 разрядқа дейін көтеріліп, білікті маман болып жұмыс атқарады.
– Зауыт негізінен ТЭМ-2 сериялы маневрлі тепловоздарды КР,ТОУ-8, ТО-8, ТО-7, ТО-6, ТО-3 жөндеуден өткізеді. 2ТЭ10МК тепловоздарына СО-1,2,3,5 серивистік көлемдегі қызметтер жасайды. Сонымен бірге тепловоздардың тартымды электр қозғалтқыштарын Н, F изоляция арқылы күрделі жөндеуден, жұпты доңғалақтарды толық куәландырудан өткізеді.
Бүгінде зауыттың электр жабдықтарын жөндеу 1 цехында 30-ға жуық адам бар. Мұнда қондырғылардың ақаусыз жұмыс істеуін қадағалаймыз. Ұжым өте ұйымшыл, темірдей тәртіпті мықты ұстанып, өз ісіне адал және тапсырманы уақытылы орындаудың шеберлері жиналған, – дейді Әділбек Тәңірбергенов.
Оның айтуынша, әлі оңды-солын білмейтін бозбала кезінде оған ақыл айтып, бағыт-бағдар бергендер болған. Соның ішінде бригадир, электр цехының шебері Әмірхан Өмірзақов, шебер Едіге Әлішев, электрослесарь Естерек Мерекеновтерге алғаусыз алғысын білдірді.
Айнұр ҚАЗМАҒАМБЕТОВА
08 сәуір 2023 ж. 319 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031