Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жол қауіпсіздігін қырағы күзеткендер

Жол қауіпсіздігін қырағы күзеткендер

Тоқсан жылдық тарихы бар №40 Қазалы белгі беру және байланыс дистанциясы мекемесі 1931 жылы Қазалы стансасында орналасқан механикалық шеберхананың негізінде құрылған. Уақытында шеберхананың міндетіне Бекбауыл және Жосалы станциялары аралығындағы белгі беру және байланыс құрылғыларына техникалық күтім жасау мен жөндеу жүктелген.
Ол кезде қазіргі бағдаршамдардың орнына қарапайым семафорлар, электржезлді жүйесі, байланыс құрылғыларының орнына Морзе телеграф аппараттары қолданылған. 1933 жылы Сексеуілдегі №12 белгі беру және байланыс дистанциясы, Қазалыдағы №13 Қазалы белгі беру және байланыс дистанциясы, №14 Жосалы белгі беру және байланыс дистанциялары таратылып, №10 Қазалы белгі беру және байланыс дистанциясы болып құрылды. Мекеме құзырына Сексеуіл және Жосалы аралығындағы белгі беру және байланыс құрылғыларына техникалық күтім және жөндеу жұмыстары жататын. Әр жылдары мекеме атауы өзгеріп отырды. 1971-1973 жылдары Қазалы стансасында 3 қабатты жаңа үлгідегі байланыс үйі, Қазалы, Төретам және Жосалыда орталықтандырылған электрлік басқару қосынының жаңа ғимараттары салынды. Блокты маршрутты релелік орталықтандыру жүйесі де іске қосылды. Қазалы және Жосалы теліміндегі шағын стансалар электрлік орталықтандыру жүйесіне көшірілді. Қазалы – Төретам телімінде «ПЧДЦ» диспетчерлік басқару жүйесі енгізілді. 1979 жылдан бастап дистанция телімдеріне пойыздардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған ПОНАБ-3 құрылғылары орнатыла ­бастады. Кейіннен Күнту, Бекбауыл, Байқожа, Қорқыт, Жосалы стансаларында ДИСК-Б құрылғылары қойылды. 1980 жылдан бастап КСРО Министрлер кеңесінің шешіміне сәйкес Сексеуіл-Қазалы, Төретам-Жосалы стансалары аралығында екінші жолдың құрылысы басталды. Сексеуіл-Қазалы, Қазалы-Жосалы стансалары ЭЦ-12-80, ЭЦ-12-82 жүйесіне көшірілді. 1985-1987 жылдары Сексеуіл-Қазалы, Қазалы-Жосалы аралығында магистральді жер асты кабелі салынды. Осыған орай Сексеуілде жаңа байланыс үйі бой көтерді. 1986-1987 жылдары сол кездегі Батыс Қазақстан теміржолы бойынша ең үлкен және ыңғайлы шеберхана Қазалыда бой көтерді. 1989 жылы Сексеуіл-Қазалы аралығында «ЛУЧ» диспетчерлік басқару жүйесі енгізілді.
1997 жылы мекеме №40 Қазалы белгі беру және байланыс дистанциясы аталды. 1989-2007 жылдар аралығында дистанция қызмет көрсететін учаскеде автобұғаттау сигналдық өткізгіштері жоғары вольтты желіден байланыстың магистральды кабеліне көшірілді. Қарағанды бөлімшесінен Көбек және Дерментөбе стансаларына АС-1 теміржол автодрезинасы, жаңа дизель-генератор, Қазалыға жаңартылған техникалық құралдар кешені аппаратурасы, «УАЗ» жаңа автомашинасы алынды. Дистанция басқа кәсіпорындарға жаңа құрылғыларды енгізу бойынша ұдайы көмек көрсетті.
Қазіргі кезде мекеме Сексеуіл – Жосалы аралығында орналасқан СОБ, байланыс, радиобайланыс, ПОНАБ-3 және ДИСК-Б құрылғыларына техникалық күтім жасайды және жөндеу жұмыстарын жүргізеді. Мекеме жұмысшыларының өз күшімен 3 аралықта импульсті-өткізгішті автобұғаттауды сандық кодты автобұғаттауға айырбастау жұмыстары жүргізілді. 6 стансада және Қазалы-Жосалы учаскесінің 8 аралығында ЭО-2 альбомы бойынша прожектор бағдаршамдары линзаға ауыстырылды. Дистанция құрамында 34 стансамен разъез бар. Бұнда 326 адам еңбек етеді. Мекемені 2003 жылдан бастап Ғани Ысқақов басқарып келеді. Ол орта мектепті тәмамдаған соң аталған мекемеге жұмысшы болып орналасқан. 1978-1980 жылдар аралығында әскери борышын өтеп келісімен еңбекке қайта араласты. 1981-1986 жылдары Свердловск қаласындағы теміржол транспорты Орал электромеханикалық институтының автоматика, телемеханика және байланыс факультетін бітірген. Аталған мекемеге қайта оралып, бақылау-өлшеу пунктіне электромеханик болды. Бір жылдан кейін Қазалы электрлі орталықтандыру қосынына аға электромеханик болып ауысып, жеті жыл еңбек етті. 1994-2000 жылдары дистанцияның техникалық бөлімінің аға инженері болды. 2000 жылы Қызылорда бас дистанциясына бас инженердің орынбасары қызметіне шақырылып, жұмыс атқарды. 2002-2003 жылдары Астана қаласында «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының белгі беру және байланыс басқармасында жобалау-конструкторлық бюросы бастығының орынбасары болды. 2003 жылы туған жерге оралып, Қазалы белгі беру және байланыс дистанциясының бастығы қызметіне тағайындалды. Осы жылдың қорытындысымен дистанция «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы бойынша бірінші орын алды. Білікті маман, тәжірибелі теміржолшы Ғани Жанарыстанұлы Батыс Қазақстан темір жолы бастығының «Құрмет грамотасымен марапатталды. «Адал еңбегі үшін» төсбелгісінің иегері. 2008 жылдан бастап «Құрметті теміржолшы».
Біз мереке қарсаңында бірнеше жұмыс атқаратын мекеменің бір бөлігімен ғана танысып, жұмыс барысына куә болдық. Қазалы стансасындағы электрлік орталықтандыру қосынында аға электромеханик Досан Нұржаубаев, электромеханиктер Қуаныш Әметов, Сәкен Аңсатов, Мейрамбек Баукешов, Талғат Асанов, Ақылбек Оразымбетов, Жасұлан Нұржаубаев және электромонтерлер Толқын Жалғасбаев пен Тоқтар Қожахметовтер еңбек етеді. Сол күні станция кезекшілігінде Бақытбек Қараев пен кезекші көмекшісі Гүлнара Сейсенова болды. Олар қауіпсіздікті қырағы күзетіп, уақыттың кез келген мезгілінде жұмыс орнынан табылуға дағдыланған.

Ұлболсын ТАЛАПБАЕВА
31 шілде 2020 ж. 728 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930