Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Мемлекеттік сатып алуға конкурсты өткізу мерзімі қысқартылады

Мемлекеттік сатып алуға конкурсты өткізу мерзімі қысқартылады

Фото: canva.com
Бұл туралы Қаржы вице-министрі Дәурен Кеңбеил Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Мемлекеттік сатып алу саласындағы проблемалардың бірі – рәсімдердің ұзаққа созылуы. Қолданыстағы заңда мерзімдерді регламенттейтін тікелей нормалардың болуы, оларды қағидалар деңгейінде көздеуге мүмкіндік бермейді. Бүгінде конкурсты өткізу мерзімі шамамен екі айды құрайды" - деді вице-министр.

Енді рәсімдердің мерзімі қайта қаралып, конкурсты өткізу мерзімі қысқартылмақ.

"Заңмен 100 айлық есептік көрсеткішке дейінгі тауарларды, 500 айлық есептік көрсеткішке дейінгі жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді бір көзден сатып алу көзделген. Сонымен қатар ауылдық әкімшіліктер үшін 4000 айлық есептік көрсеткішке дейін тауарлар, жұмыстар мен қызметтерді бір көзден алу мүмкіндігі беріліп отыр", - деді вице-министр.

Айта кетейік, осыған дейін құрылысқа байланысты жұмыстарға қоғамдық мониторинг енгізілетінін жазған болатынбыз.
25 шілде 2024 ж. 351 0

Қазақстанда күн күрт суытады

08 желтоқсан 2025 ж. 131

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031