Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Педагогтерге тіл тигізгендер қанша теңге айыппұл төлейді

Педагогтерге тіл тигізгендер қанша теңге айыппұл төлейді

Педагогтерге қатысты "Педагог мәртебесі туралы" ҚР Заңын бұзғаны үшін көзделген айыппұлдарды ҚР Білім және ғылым министрлігі жариялады.

Жеке тұлғалардың педагогке тіл тигізгені үшін отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады;
егер жыл ішінде қайталанса, қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады немесе бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамауға алынады;

Кәмелетке толмағандардың педагогке тіл тигізгені үшін ата-аналарына немесе оларды алмастыратын адамдарға жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады;
егер жыл ішінде қайталанса, отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады;

Педагогті өз міндетіне жатпайтын функцияларға тартқаны үшін ескерту беріледі;
егер жыл ішінде қайталанса, жиырма айлық есептік көрсеткіштен жүз жиырмаға дейінгі айыппұл салынады;

Қарастырылмаған есептілікті талап еткені үшін ескерту беріледі;
егер жыл ішінде қайталанса, жиырма айлық есептік көрсеткіштен жүз жиырмаға дейінгі айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады;

Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделмеген тексерулер жүргізгені үшін ескерту беріледі,
егер жыл ішінде қайталанса, жиырма айлық есептік көрсеткіштен жүз жиырмаға дейінгі айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады;
08 қаңтар 2020 ж. 1 163 0

Жұртқа жарық сыйлаған

20 желтоқсан 2025 ж. 26

Мал ұрлығы – маңызды мәселе

20 желтоқсан 2025 ж. 25

Үздік ұстаз атанды

20 желтоқсан 2025 ж. 20

Жұмысшы жастар – ел ертеңі

20 желтоқсан 2025 ж. 24

Тәрбие мен таным

20 желтоқсан 2025 ж. 28

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031