Қазалы Қазалы аудандық қоғамдық-саяси газет
» » Елбасы Қазақстан халқын Отан қорғаушы күнімен құттықтады

Елбасы Қазақстан халқын Отан қорғаушы күнімен құттықтады

ОТАР. ҚазАқпарат - Елбасы - ҚР Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқын Отан қорғаушы күнімен құттықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Қымбатты Отан қорғаушылар! Бүгін біз кезекті жауынгерлік парадты өткізудеміз. Бұл парад біздің жауынгерлік шеберлік деңгейіміздің, далалық жағдайлардағы әскери тәртіпті нақты көрсетеді. Парадты өткізу еліміз Қарлы Күштері кәсіби деңгейінің, жауынгерлік дайындығын ары қарай өсуіне ықпал етеді. Баршаларыңызды Отан қорғаушы күнімен және алдағы Ұлы Жеңіс күнімен құттықтаймын!», - деді Президент. Сонымен қатар Мемлекет басшысы отансүйгіштікке тәрбиелеу ісінде әскери дәстүр маңызды рөл атқаратынын атап өтті. «Жауынгерлік ту - туған жерге адалдықтың, ерлік пен батылдықтың нышаны болып табылады. Қасиетті байрақ рухы биік ержүрек сарбаздарды әрдайым жеңіске жетелейді. Бауыржан Момышұлының «батырлық өскен ортаға, көрген тәрбиеге байланысты қалыптасады» деген сөзі бар. Азаматтарымызды отансүйгіштікке тәрбиелеу ісінде әскери дәстүр маңызды рөл атқарады. Әр сарбаз Отан қорғаушы ретінде өзінің ел алдындағы ерекше жауапкершілігін сезінуге тиіс. Қарулы Күштерімізде жігерлі жігіттермен қатар, аяулы аруларымыз да әскери қызметті абыроймен атқарып жүр. Сондықтан бүгінгі мереке ер азаматтармен қатар сап түзеген қайсар қыздарымызға да ортақ. Мемлекет Отан қорғаушыларға ерекше қамқорлық көрсетіп келеді және көрсете береді де. Өткен жылы әскери қызметшілердің лауазымдық жалақысы 25 процентке артты. Әскерилерді тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесі өз ретінмен шешімін тауып келеді. Мұның бәрі Қарулы Күштер сарбаздарының ар-намысы мен айбынын арттыруға жол ашады. Сондықтан мен сіздерді әскери антқа адал болады деп сенемін!», - деді Елбасы. Бұдан бұрын хабарланғандай, бүгін Отан қорғаушы күні аясында Елбасы - ҚР ҚК Жоғарғы Бас қолбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен жауынгерлік парад өтіп жатыр.
inform.kz

07 мамыр 2018 ж. 635 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031