Мәслихаттар сайлауы
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Мемлекет басшысы Алғыс айту күнімен құттықтады

Мемлекет басшысы Алғыс айту күнімен құттықтады

   Бейбіт және келісім сарайында өтіп жатқан салтанатты жиында Мемлекет хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Алғыс айту күніне арналған құттықтау сөзін оқып берді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.
«Бүгін біз баршамызға ортақ мереке – Алғыс айту күнін атап өтудеміз. Осынау айтулы күні қиын-қыстау сынақ жылдарында адамгершілік пен имандылық үстемдігінің жадымызда болуы Қазақстан халқын біріктіреді», - деді Мемлекет басшысы өз хатында.
      Осы орайда, Қазақстан Президенті аталған мерекенің маңыздылығына тоқталды.
«Мейірімділік, өзара көмек және бірі-біріне деген құрмет қазақтың киелі топырағында күллі қазақстандықты көздің қарашығындай сақтайтын әрі мақтан тұтатын достық пен өзара түсінушілік бірегей атмосферасын қалыптастыруға мүмкіндік береді. Өз отандарыстарымызға және туған өлкеге деген кіршіксіз алғыс сезімі бұл мерекеге ерекше терең мағына береді», - деді Нұрсұлтан Назарбаев алғыс хатында.
    Сонымен қатар, Елбасы қазақстандықтарды Алғыс айту күнімен құттықтады.
«Сондықтан Алғыс айту күнінің басты мәні – тарихи жадыны сақтау, ұрпақ сабақтастығы мен іргесі берік негіздегі ел бірлігін нығайту болып саналады. Барша қазақстандықты Алғыс айту күнімен шын жүректен құттықтаймын. Сіздерге бақ-береке, бейбіт өмір және табыс тілеймін!» - делінген хатта.


Baq.kz
01 наурыз 2018 ж. 3 836 0

Төл теңгені таңбалаған

14 қараша 2026 ж. 69

Ұлы тұлғаның ұлық тойы

14 қараша 2026 ж. 60

Қос ауылдағы қуаныш

14 қараша 2026 ж. 65

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30