Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Саябақтағы серпінді сенбілік

Саябақтағы серпінді сенбілік

Әйтеке би кентінде жалпыхалықтық акция аясында 3 бағытта сенбілік жұмыстары ұйымдастырылды. Оның ең негізгісі аудан орталығындағы "Жеңіс" саябағында өтті.
Таңертеңнен бастап ат шаптырым аумақта орналасқан саябақ ішінде қолдарына қажетті құрал-саймандарын ұстаған қазалылықтар тазалық жұмыстарына біркісідей атсалысты.
Олардың бірі саябақ ішіндегі жаяу жүргіншілер жолын тазаласа, енді бірі талдар мен бардюрдарды әктеді. Сондай-ақ аяқ су арықтары аршылып, ағаштардың қураған бұтақтары кесілді.
Саябақтағы серпінді сенбілікті аудан әкімі Мұхтар Оразбаев аралап, жөндеу жұмыстары жүргізілуі тиіс орындарды көрсетті. Тиісті сала басшысы мен кент әкіміне тез арада орын алған олқылықтарды қалпына келтіруді тапсырды.
Бұл күні аудан орталығы – Әйтеке би кентіндегі шет аймақтар да назардан тыс қалмады. Атап айтар болсақ, "Мектепбай" учаскесі мен "Водокачка" елді мекеніне барар жолдың бойына да тазалық жұмыстары жүргізілді.

"ҚАЗАЛЫ" ақпарат

24 сәуір 2022 ж. 967 0

Мектептегі мұражай

30 сәуір 2024 ж. 186

Туған өңір - тұнған өнер

29 сәуір 2024 ж. 128

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031