Топ-баннер
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Серпінді сенбілік

Серпінді сенбілік

Қазалыда 19 наурыз – 19 мамыр аралығындағы жалпыхалықтық экологиялық акция аясында кезекті сенбіліктер ұйымдастырылды. Сенбілікте негізгі күш Әйтеке би кентінің шет аймақтарына салынып, бей-берекетсіз шашылған қоқыстар жинастырылды.
Көктемгі көркейту-көгалдандыру жұмыстарына аудан әкімі Мұхтар Оразбаев өзі бастап шығып, қазалылықтармен бірге туған жердің таза болуына, қоқыссыз орта қалыптастыруға өз үлесін қосты.
Аудан әкімінің орынбасары Күнтілес Назымбеков жетекшілік жасайтын топ 5 квартал аймағындағы «Қазақ қорымы», аудан әкімінің орынбасары Дәурен Тілеумбетов жетекшілік жасайтын топ «Қарамай көл», «AMANAT» партиясы аудандық филиалының атқарушы хатшысы Нұрғиса Жалғасбаев жетекшілік жасайтын топ «Водокачка» елді мекенінен барар жолдағы күл-қоқыстарды жинастырды.
Ал, Әйтеке би кентінің әкімі Қайрақбай Орынбасаров бастаған қызметкерлер «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық автожолының «Сухан» қорымынан бастап теміржол бойындағы Алтай бекетіне дейінгі аралықты тазалады.
Сенбілік аясында Әйтеке би, В.Счастнов, Қ.Пірімов көшесі бойындағы темір қоршаулар да жуылып, арықтар да тазаланды.

"ҚАЗАЛЫ" ақпарат
10 сәуір 2022 ж. 760 0

Тарихтан жеткен тағылым

03 наурыз 2026 ж. 161

Жылдам байлық иллюзиясы

03 наурыз 2026 ж. 73

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031