Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Көктемгі тазалық жұмыстары – көптің ісі

Көктемгі тазалық жұмыстары – көптің ісі

Бүгін Әйтеке би кентіндегі бірнеше мекеме, кәсіпорын ұжымы аудан орталығын күл-қоқыстан тазалауға белсене қатысты.

Сенбілік барысында 500-ге жуық адам Әйтеке би кентінің 5 квартал аймағындағы қорымдардың айналасында бей-берекетсіз шашылған қоқыстарды жинастырып, көшелер мен жолдарды тазалады. Туған жердің таза болуына үлес қосқан жандарға 3 техника көмекке келіп, жиналған қоқыстар арнайы орынға шығарылды.
Дәл осындай сенбіліктер Қазалы қаласы мен ауылдық округтерде де ұйымдастырылып, тазалық жұмыстары жүргізілді. Бұл жұмыстар алдағы уақытта да өз жалғасын табатын болады.
Айта кетейік, бұл сенбілік 7 наурыз бен 9 мамыр аралығындағы санитарлық тазалық айлығы аясында ұйымдастырылып отыр.

"ҚАЗАЛЫ" ақпарат
28 наурыз 2021 ж. 2 828 0

Сапаға сын болмауы тиіс

31 наурыз 2026 ж. 45

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031