Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазалылықтар жалпыхалықтық сенбілікке шықты

Қазалылықтар жалпыхалықтық сенбілікке шықты

Бүгін Қазалы ауданының орталығы – Әйтеке би кентінде «Birge: Taza Qazaqstan» екі айлық экологиялық акциясы аясында жалпыхалықтық сенбілік ұйымдастырылды.
Аудан әкімінің аппараты бастаған мемлекеттік мекемелер мен мекеме-кәсіпорын және білім, спорт, теміржол, денсаулық сақтау саласының қызметкерлері Әйтеке би кентінің «Водокачка» елді мекеніне барар жол мен 5 квартал аймағындағы «Қазақ қорымы» мен «Қарамай көл» аймағын күл-қоқыстан тазартты.
Бұл жерлер Әйтеке би кентінің шет аймақтары саналатындықтан жол бойында сусындардың, спирттік ішімдіктердің бөтелкелері, темекінің қораптары сияқты ондаған жылдар бойы шірімейтін қалдықтар жатыр.
– Сіз тастаған сағыз тұрған жерінде 5 жылға дейін өңін бұзбай жатады. Ал, пластикалық негізде өндірілген тауарлар 50-100 жылдың арасында, пластикалық құтылар және қаңылтыр банкалар 500, балық қармағының жібі 600 жылда жойылады. Бүгінгі сенбілік барысында жол бойын негізінен осындай ұзақ жылдар бойы шірімейтін қалдықтардан тазарттық. Табиғи ортада ұзақ жылдар сақталатын қоқыстар ауаны ластап, нәтижесінде қатерлі ауру тудыратынын белгілі. Сондықтан, тазалық мәдениеттің көрсеткіші десек, аудан тұрғындарын мәдениетті болуға шақырамын, – деді Әйтеке би кентінің әкімі Қайрақбай Орынбасаров.
Айта кетейік, жалпыхалықтық сенбілік барысында 1 мыңға жуық адам, 7 техника жұмылдырылып, 30 текше метр күл-қоқыс шығарылды. Мұндай тазалық шаралары алдағы уақытта жалғасын табатын болады.
Осы ретте біз аудан тұрғындарын сенбілік жұмыстарына шығып, тазалықты сақтауға өз үлесін қосқан жандардың еңбегін бағалауға, кез келген жерге қоқыс тастамауға шақырамыз. Алдағы уақытта айналамызды бүлдіріп, қоқысты белгіленбеген жерге тастаған тұрғындарға тиісті заңдылықтарға сәйкес шара, яғни, айыппұлдар салынатын болады.

"ҚАЗАЛЫ" ақпарат

02 сәуір 2022 ж. 680 0

Ауқымды марафон өтті

20 қараша 2024 ж. 77

Мемлекеттік рәміздер

20 қараша 2024 ж. 71

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930