Топ-баннер
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Көктемгі тазалық – көптің ісі

Көктемгі тазалық – көптің ісі

Күн көзі жылынғаннан қазалылықтар көркейту-көгалдандыру жұмыстарына белсене араласады. Қоршаған ортаның тазалығына немқұрайлы қарамай оған біркісідей атсалысу үрдіске айналған.

Өткен сенбіде де аталмыш сенбілік жұмыстары өз жалғасын тапты. Әйтеке би кентіндегі бірнеше мекеме, кәсіпорын ұжымы аудан орталығын күл-қоқыстан тазалауға белсене қатысты.
Сенбілік барысында 500-ге жуық адам кенттің 5 квартал аймағындағы қорымдардың айналасында бей-берекетсіз шашылған қоқыстарды жинастырып, көшелер мен жолдарды тазалады. Туған жердің таза болуына үлес қосқан жандарға 3 техника көмекке келіп, жиналған қоқыстар арнайы орынға шығарылды.
Дәл осындай бірлескен қарекет Қазалы қаласы мен ауылдық округтерде де ұйымдастырылып, тазалық жұмыстары жүргізілді. Бұл жұмыстар алдағы уақытта да өз жалғасын табатын болады.
Айта кетейік, бұл сенбілік 7 наурыз бен 9 мамыр аралығындағы санитарлық тазалық айлығы аясында ұйымдастырылып отыр.

«ҚАЗАЛЫ» ақпарат
30 наурыз 2021 ж. 2 603 0

Тарихтан жеткен тағылым

03 наурыз 2026 ж. 54

Жылдам байлық иллюзиясы

03 наурыз 2026 ж. 55

Әсем әндер әуеледі

03 наурыз 2026 ж. 54

Өнермен өрілген ғұмыр

03 наурыз 2026 ж. 52

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031