Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жаңа тракторлар берілді

Жаңа тракторлар берілді

Бүгінде Арал теңізінің тартылуы елішілік емес, жаһандық экологиялық мәселеге айналды. Тулаған теңізді құтқару мен қайта қалпына келтіру мінбелерден сан мәрте айтылып жүрсе де, күрмеулі шаруа шешімін таппай келеді. Әйтсе де Аралды құтқару, теңіз ұлтанынан ұшқан тұздың көтерілуіне кедергі келтіру күн тәртібінде.
Осы ретте аймақ басшысы Гүлшара Әбдіқалықованың бастамасымен жуырда облыстық бюджеттен Қазалы және Арал орман және жануарлар дүниесін қорғау мекемелеріне жаңа тракторлар берілді.
Жаңа техникалардың кілтін орманшыларға аудан әкімі Мұхтар Оразбаев пен облыстық табиғат пайдануды реттеу және табиғи ресурстар басқармасының басшысы Бауыржан Шәменов табыстады.
Аудан басшысы кілт табыстау рәсімінен соң құттықтау сөз сөйлеп, орманшылардың Президент тапсырмасын орындаудағы жұмыстарына сәттілік тіледі.
– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: Іс-қимыл кезеңі» атты халыққа Жолдауында еліміздегі экология мәселесі басты назарда болу қажеттігін атап өтті. Осыған байланысты алдағы 5 жыл ішінде орман қорында 2 миллиард және елді мекендерде 15 миллион ағаш көшетін отырғызуды тапсырды. Нәтижесінде біздің облыстағы экологиялық ахуалды жақсартуға бағыттылған іс-шара жоспары бекітіліп, ауқымды іс қолға алынды. Міне, сол жұмыстардың нақты жүзеге асқанына куә болып отырмыз. Облыстық бюджеттен қаржы бөлініп, Қазалы орман дүниелерін қорғау мекемесіне 3 трактор берілуде, – деді аудан басшысы.
Мұнан соң басқарма басшысы Бауыржан Шәменов теңіз ұлтанына өсірілетін сексеуіл көшеті туралы ­жоспарымен бөлісіп, алдағы уақытта атқарылатын жұмыстар туралы егжей-тегжейлі айтып берді.
Айта кетейік, Ардақ Кәдір басшылық жасайтын Қазалы орман және жануарлар дүниесін қорғау мекемесіне бұған дейін жаңа өрт сөндіру машинасы берілген.

Серік АҚМЫРЗА
16 қазан 2021 ж. 511 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031