Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылорда облысында ландшафттарды қалпына келтіру іске асырылады

Қызылорда облысында ландшафттарды қалпына келтіру іске асырылады

Бүгін аудан әкімі Мұхтар Оразбаев «Қазақстан Республикасындағы ландшафттарды қалпына келтіру» жобасын іске асыру тобының жетекшісі Ерлан Мұратов және облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары Қайрат Жансұлтанұлын қабылдады.
Қабылдауда биыл экология, геология және табиғи ресурстар министрі мен халықаралық қайта құру және даму банкінің тұрақты өкілі арасында «Қазақстан Республикасындағы ландшафттарды қалпына келтіру» жобасын іске асыру туралы келісімге келгені сөз болды.
Жоба орман шаруашылығын дамыту мәселелерін, сондай-ақ фермерлермен және жергілікті қоғамдастықтармен тозған жерлерді орман өсіру арқылы қалпына келтіру жөніндегі жұмыстарды көздейді. Бұл жұмыстар Қызылорда, Жамбыл және Түркістан облыстарының аумақтарында жүзеге асырылады.

Жоба 2021-2025 жылдар аралығында жүзеге асырылады.

Аталған жоба аясында Қызылорда облысында төмендегідей іс-шаралар жүргізіледі.
1.Қазалы орман мекемесінің аумағында орман питомнигін құру;
2.Қызылорда қаласының айналасында Жасыл аймақ құру;
3.Қызылорда қаласының жасыл белдеуінде агроорман шаруашылығының үш модульдік учаскесін құру;
4.Арал теңізінің құрғаған ұлтанындағы алқапта орман қорының жерлерін картаға түсіру;
5.Арал теңізінің құрғаған түбінде орман мелиоративтік екпелер отырғызуға арналған алаңдарды іріктеу үшін жобалау-іздестіру жұмыстарын жүргізу;
6.Орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемелерінің техникалық жарақтандыру бағытында жұмыстар атқарылатын болады.
Кездесу соңында аудан әкімі Мұхтар Оразбаев «Қазақстан Республикасындағы ландшафттарды қалпына келтіру» жобасын іске асыру тобының жұмысына сәттілік тіледі.
"ҚАЗАЛЫ" ақпарат
22 қыркүйек 2021 ж. 673 0

Ұрпағы ұлықтаған Самұрат би

31 желтоқсан 2025 ж. 145

Кәсіпкерлікке қолдау кең

31 желтоқсан 2025 ж. 160

Шаттық сыйлаған шырша тойы

31 желтоқсан 2025 ж. 173

Аудан әкімі ауылдарды аралады

31 желтоқсан 2025 ж. 158

Аудан әкімінің құттықтауы

31 желтоқсан 2025 ж. 164

Жылан жылындағы жақсы істер

31 желтоқсан 2025 ж. 137

Жылқы жылынан не күтеміз?

31 желтоқсан 2025 ж. 175

365 күндегі 100-ші басылым

31 желтоқсан 2025 ж. 136

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031