Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Облыс әкімінің жұмыс сапары Қазалы ауданында жалғасты

Облыс әкімінің жұмыс сапары Қазалы ауданында жалғасты

Облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова Арал ауданындағы сапарынан кейін Қазалы ауданына барып, әлеуметтік нысандардың жұмысымен танысты. Әйтеке би кентінде пәтер кезегінде тұрған тұрғындар үшін 1 қабатты 4 пәтерлі 10 несиелік үйдің құрылысы жүруде. Өңір басшысы аталған нысанның құрылысымен танысып, аудан әкімі Мұрат Ергешбаевқа пәтердің жайлы әлі сапалы болуын басты назарға алу қажеттігін жеткізді.
Аймақ басшысы аудандағы өндірістік аймақтарды да аралады. «АгроОптСервис» ЖШС-нің көкөніс, жеміс-жидек сақтау қоймасына барып, нысанның қызметімен танысты. Жеке кәсіпкер Бекболат Бибалаев өз қаражатына жаңа қойма салып, халықтың ең қажетті деген өнімдерін базар бағамынан 15-20 пайыз төмен бағада саудалауда. Негізінен картоп, жуа, сәбіз бен жеміс-жидектер көрші елдерден тікелей жеткізіледі. Кәсіпкер бағаны тұрақтандыру арқылы халыққа өнімді тапсырыс арқылы үйлеріне дейін жеткізу қызметін енгізген. Қойма 500 тоннаға дейін өнім сақтауға қауқарлы.
Облыс әкімі «Жұмыспен қамту жол картасы» аясында жақында газға қосылған Ғ.Мұратбаев ауылына да барды. Г.Әбдіқалықова көгілдір отынға қол жеткізген елді мекеннің тұрғындарымен кездесіп, қуаныштарымен құттықтады. Айта кету керек, ауылдағы орамішілік газ құбырының 6,1 шақырым жоғары қысымды, 12,2 шақырымы төмен қысымды. Мұндағы 2 дана газ реттегіш пункті 293 тұрғын үйге газ желісін жеткізуге арналған.
Жалпы құны 243,1 млн теңге болатын жобаны «Сапақ» ӨК-і жүзеге асырған. Жылу жүйесін көгілдір отынға қосқан ауыл тұрғыны Шамшат Ербозова халықтың әлеуметтік жағдайын арттыруға бағытталған жұмыстар үшін аймақ басшысына алғысын жеткізді.
"Қазалы" ақпарат
18 желтоқсан 2020 ж. 2 453 0

Қазақтың жарық жұлдызы

06 маусым 2026 ж. 61

Ғасырдан жеткен ғибрат

06 маусым 2026 ж. 57

№42 (1847)

06 маусым 2026 ж. 127

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930