Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазалыда көкөніс және жеміс-жидек сақтайтын қойма ашылды

Қазалыда көкөніс және жеміс-жидек сақтайтын қойма ашылды

Kyzylorda-news.kz. Әйтеке би кентіндегі «Өндірістік аймақта» тағы бір кәсіпкерлік нысан іске қосылды. Ол сыйымдылығы 500 тоннаға арналған көкөніс, жеміс-жидек сақтау қоймасы.

«АгроОптСервис» ЖШС салған қойманың негізгі мақсаты ауданда азық-түлік бағасын тұрақтандыру болып табылады. Жеке кәсіпкер Бекболат Бибалаевтың айтуынша, қоймада сақталған көкөніс пен жеміс жидектер көтерме бағада және халыққа базар бағасының 10-15 пайызға төмен бағада сатылады. Ол үшін арнайы дүңгіршектер салынады. Сондай-ақ, аудан орталығынан шалғай жатқан ауылдарға барып, арзан бағада өткізуді жоспарлап отыр. Көкөністер Түркістан облысынан, Ресейден, жемістер Түркістан облысынан, Шымкент қаласынан, Түркия, Польшадан тасымалданады. Бүгін аудан әкімі Мұрат Ергешбаев қоймаға арнайы барып, жұмысымен танысты. Аудан басшысына жеке кәсіпкер қоймадағы көкөністер мен жеміс-жидектердің көлемін айтып, алдағы жоспарларымен бөлісті.
Қоймада жемістерді сақтайтын екі орын қарастырылған. Оған қажетті температураны ұстап түру үшін 2 тоңазытқыш сатып алынды. Ол үшін жеке кәсіпкер «Қазақстан Халық банкі» АҚ-ның Байқоңыр филиалы арқылы 21 млн теңге несие алған. Алдағы уақытта тоңазытқыштар орнатылатын қосалқы ғимарат салу, 2 рефрижатор жүк көліктерін алу көзделуде.
Қазіргі таңда қоймада Ресейден әкелінген 100 тонна картоп, 80 тонна жуа, 1,5 тонна қырыққабат бар. Одан бөлек, алма, жүзім, құрма сияқты жеміс-жидектер де бар.
30 қараша 2020 ж. 1 269 0

Тазалық-өмір айнасы

24 сәуір 2024 ж. 76

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930