Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Сыйымдылығы 500 тонна болатын көкөніс қоймасы

Сыйымдылығы 500 тонна болатын көкөніс қоймасы

Қазалыда жеке кәсіпкер Бекболат Бибалаев көкөніс және жемістерді сақтауға арналған қойма салды. Қазіргі таңда қойманың құрылысы аяқталып, құрал-жабдықтар алынуда. Жоба желтоқсан айында іске қосылады деп жоспарлануда.

Аудан әкімі Мұрат Ергешбаев жеке кәсіпкермен кездесіп, сыйымдылығы 500 тонна болатын көкөніс қоймасының жұмысымен танысты. Кездесуде «АгроОптСервис» ЖШС директоры Бекболат Бибалаев алдағы жоспарларымен бөлісті.
Серіктестік басшысының айтуынша, қойма толық іске қосылған кезде көкөніс пен жеміс жидектер көтерме бағада және халыққа базар бағасының 10-15 проценттен төмен бағада сатылады. Ол үшін арнайы дүңгіршектер салынады. Сондай-ақ, аудан орталығынан шалғай жатқан ауылдарға барып, арзан бағада өткізуді жоспарлап отыр.
Қоймада жемістерді сақтайтын екі орын қарастырылған. Оған қажетті температураны ұстап түру үшін 2 тоңазытқыш сатып алынды. Ол үшін жеке кәсіпкер «Қазақстан Халық банкі» АҚ-ның Байқоңыр филиалы арқылы 21 млн теңге несие алған. Алдағы уақытта тоңазытқыштар орнатылатын қосалқы ғимарат салу, 2 рефрижатор жүк көліктерін алу көзделуде.
Айта кетейік, Әйтеке би кентіндегі «Өндірістік аймақта» ашылған қойма 500 тонна көкөніс және жемістерді сақтауға арналған. Алғашқы уақытта 200 тонна өнім сақталатын болады. Көкөніс Түркістан облысынан, Ресейден, жемістер Түркістан облысынан, Шымкент қаласынан, Түркия, Польшадан тасымалданады.
Қазіргі таңда қоймада Ресейден әкелінген 100 тонна картоп, 80 тонна жуа, 1,5 тонна қырыққабат бар. Одан бөлек, Польшадан алмаға тапсырыс берілген.
"ҚАЗАЛЫ" ақпарат
12 қараша 2020 ж. 800 0

Төл спорт төрге озды

14 қазан 2025 ж. 150

Ай да, күн де жақсы ғой...

14 қазан 2025 ж. 133

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031