Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Облыс әкімінің орынбасары кәсіпкерлік нысан мен өндіріс орындарын аралады

Облыс әкімінің орынбасары кәсіпкерлік нысан мен өндіріс орындарын аралады

Кеше Қазалыға облыс әкімінің орынбасары Мұрат Имандосов жұмыс сапарымен келіп, кәсіпкерлік нысандар мен өндіріс орындарын аралады.

Қазалы ауданында Мұрат Самұратұлының алғашқы аялдаған жері күні кеше халықаралық «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автокөлік дәлізінің бойынан ашылғанжанар-жағар май құю бекеті болды.
«TS Қызылорда Мұнай Өнімдері» ЖШС-нің жаңа жанар-жағар май құю бекетінде «АИ-92», «АИ-95» маркалы бензин, қыстық дизель отыны және маусымдық дизель отыны сатылады.Сондай-ақ мұнда халықаралық автожол бойымен өтетін жолаушылар мен туристерге шағын маркет қызмет көрсетеді.
Мұнан соң «Қамқор Локомотив» ЖШС Қазалы локомотив жөндеу зауыты, «Қамқор вагон» ЖШС-нің Қазалы вагон жөндеу депосы, «LCI-MK» ЖШС бетон зауыты, тазартылған, құйылмалы ауыз су шығару цехы, жеке кәсіпкер Д.Сабырдың "Ramazan" супермаркеті, «Қазалы керуені» автобекеті, «Sulpak» сауда орталығының жұмысымен танысты.
Сондай-ақ, Әйтеке би кентіндегі индустриялық аймақтағы жеке кәсіпкер Ш.Наурызбаевтың монша және жылыжай кешені, БекболатБибалаев басқаратын«АгроОптСервис» ЖШС-ның көкөніс өнімдерін сақтайтын қойма құрылысының жұмыстарын көрді.
Облыс әкімінің орынбасары Мұрат Имандосовтың Қазалы ауданына жұмыс сапары барасында облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасының басшысы ФердоусиҚожабергенов,облыстық индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Ринат Сұлтангереев бірге жүріп, аудандағы кәсіпкерлік саласының даму қарқынымен танысты.
Жұмыс сапары аясында облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасының басшысы Фердоуси Қожабергенов «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалы ғимаратында аудан тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдады.
Қазалы ауданы әкімінің баспасөз қызметі
24 қараша 2019 ж. 1 496 0

Қарекет те, қарқын да бар

13 желтоқсан 2025 ж. 153

Аудандағы нысандарды аралады

13 желтоқсан 2025 ж. 144

Майдакөлде мәдени ошақ ашылды

13 желтоқсан 2025 ж. 154

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031