Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылорда облысының әкімі Қазалы ауданының әлеуметтік және бизнес нысандарымен танысты

Қызылорда облысының әкімі Қазалы ауданының әлеуметтік және бизнес нысандарымен танысты

Қызылорда облысының әкімі Қуанышбек Ысқақов Қазалы ауданына жұмыс сапарымен барып, өндірістік және әлеуметтік нысандардың жұмысымен танысып, аудан тұрғындарымен кездесті.
Аймақ басшысы алдымен Басықара елдімекенінде 1963 жылы салынған Ә.Тыныбаев атындағы су торабының жұмысымен танысты. Су торабы 60 га егістік алқабын және 450 га шабындықты суармалы сумен қамтамасыз етеді. Нысанда 22 адам жұмыс істейді.
Облыс әкімі Жалаңтөс баһадүр ауылындағы ауылдық клуб ғимаратында тұрғындармен кездесіп, жергілікті кәсіпкерлер өнімдерінің көрмесін аралап көрді.
Бұдан әрі аймақ басшысы тәулігіне 30 тонна сүт өндіретін "Рза" АҚ сүт-тауар кешеніне барды. Кәсіпорында "Дәмді" сауда маркасымен пастерленген және ультрапастерленген сүт, айран, қаймақ, сүзбе, сары май және ірімшік шығарылады. Болашақта йогурт, ряженка, брынза және балмұздақ өндірісін ашу жоспарлануда. Кәсіпорын өнімдері облыс аумағында, сондай-ақ Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан өңірлеріне де шығарылады.

26 шілде 2019 ж. 1 667 0

Қазақтың жарық жұлдызы

06 маусым 2026 ж. 69

Ғасырдан жеткен ғибрат

06 маусым 2026 ж. 67

№42 (1847)

06 маусым 2026 ж. 128

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930