Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазалылық жастар жеңімпаз атанды

Қазалылық жастар жеңімпаз атанды

Бүгінге дейін «Серпін» ­жастар кеңесі аудан ­жастарын ұйымдастыруда, оларды бір арнаға тоғыстырып, қоғамдық жұмыстарға белсене араласуына еңбек етіп келеді. 2017 жылы құрылған ұйымның бүгінде 29 жасқа дейінгі 800-ге жуық мүшесі бар. Оның көпшілігі аудандағы білім беру саласында жұмыс істейді. Содан да болар, өңірде ұстаздар арасында ­сайыс бола қалса, серпіндік жастар жүлдесіз қайтқан емес. Жақында ауданда өз алдына озық саналатын жас ұжым облыс бойынша үздік екендерін тағы бір мәрте дәлелдеді.
Бірер күн бұрын Қызылорда облысының Білім қызметкерлері кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен жастар саясатын жүзеге асыру, жастар кеңесінің білім беру саласындағы үздік жұмыстарын, белсенділігін, бірлескен жұмыс нәтижелерін насихаттау, білім саласы қызметкерлері арасынан жас ұстаздардың кадрлық резервін қалыптастыру, сонымен бірге көшбасшылық деңгейін арттыру мақсатында өткізілген облыстық «Үздік Жастар Кеңесі» байқауының қорытынды марапаттау жиыны өткен еді. Бірнеше күн бойы әлеуметтік желіде көпшіліктің қолдауының арқасында “Серпін” жастар кеңесі жеңімпаз атанып, «Ең үздік ­Жастар кеңесі» номинациясымен марапатталды. Додада ұйымның маңызды, рухани шараларды басқа аудандардан сапалы әрі көбірек ұйымдастырғаны ескеріліп, сыйлыққа су жаңа фотоаппарат ­табысталды. Қазір Басықара ауылындағы №182 мектеп директорының орынбасары қызметінде жүрген жастар кеңесінің төрағасы бұл «серпіндіктерге» артылған сенім екенін айтады.
– Сайыс онлайн режимде өтті. Талапқа сай ұйым құрылған уақыттан бергі жұмыстарды жинақтап, бейнеролик жасау тапсырылды. Біз бірауыздан сайысқа қатысуды мақұлдап, әлеуметтік желіге видео жүктедік. Бәрінен бұрын жерлестердің ыстық ілтипаты мен қолдау-қошеметі бізді тәнті етті. Әділқазылар алқасы да бұған мән берген болар деп ойлаймын.
Айта кету керек, аталған жарыс облыстық білім қызметкерлері кәсіподақ комитетінің бастамасымен биыл алғаш жүзеге асырылды. Онда «Креатив ­жастар», «Ұйымшыл жастар», «Ұшқыр ойдың жебелері» сияқты номинациялар болды. Қызылорда қаласы мен аудандарды қосқанда 8 аймақтың арасынан біз ғана «Үздік жастар ұйымы» атандық. Бұл тамаша нәтиже деп ойлаймын. Сонымен бірге бұны келер жылға берілген сенім мен жауапкершілік деп қарауға болады, – деген Талант Нұрмаханов жақында «серпіндік» бес азаматтың Шымкент қаласына тегін демалысқа баратынын айтып қалды. Бұл жолдама оларға «Үздік» атанғаны үшін берілген.
«Серпін» жастар кеңесі жыл сайын «Шағала» лагерінде ұстаздарға ­демалыс ұйымдастырып келді. Ұйым мүшелері тартысты додада өздері жүзеге асырған жұмыстың жүйелілігі, жастарды көшбасшылыққа тәрбиелеу бағытындағы жобалары басымдық бергенін айтады. Бұдан бөлек жұрт оларды Қамыстыбас ауылы жанынан салынған демалыс орнында Ұлттық бірыңғай тест тапсыратын балаларға тегін сабақ беретініне дән риза. Бұл аз десеңіз, былтыр «серпіндік» жастар облыстық деңгейде үш бірдей қызықты форум өткізген.

Ринат ӘБДІҚАЛЫҚ
12 желтоқсан 2020 ж. 1 544 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031