Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » «Қамбаш» демалыс орынына жолдама алды

«Қамбаш» демалыс орынына жолдама алды

Қызылорда қалалық білім бөлімі мен білім беру ұйымдарының кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен қалалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының базасында «Жастық жалын «Жастар жылына» жетелейді» атты білім беру ұйымдарынан құралған жас мамандары арасындағы командалық сайысының қалалық кезеңі өтті.

Мақсаты – мектептегі белсенді жастардың шығармашылық қабілеттерін арттыру, көптілділікті оқыту, жас ұрпақтың білім кеңістігінде еркін самғауына жол ашу. Ең үздік командаларды анықтау, ұшқыр ойлы өнерлі ұстаздардың еңбегін дәріптеу, лайықты құрмет көрсету.

Сайысқа облыстық жастар саясаты басқармасының ақпараттық сараптама бөлімінің басшысы Гүлнар Сәрсенбай, Педагогикалық шеберлік орталығы филиалының директоры С.Камалова, қалалық ішкі саясат бөлімінің жастар ресурстық орталығының директоры Жанболат Досмаханов, «Кәусар» қоғамдық қорының төрағасы Әлібек Сәрсенбай әділ қазылық жасады. Сайысты білім беру ұйымдарының кәсіподақ комитетінің төрайымы О.Алимбетова ашып беріп, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Жастық жалын – «Жастар жылына» жетелейді атты сайысқа 9 команда қатысып өнер көрсетті. Сайыс қорытындысы бойынша №101 мектеп-лицейі «Бас жүлде», №15 мектеп-лицейі І орын, №264 мектеп-лицейі ІІ орын, қалалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы ІІІ орын иеленді. Сондай-ақ, «Ең жас команда» №9 мектеп-гимназиясы, «Озық ойлы команда» № 39 орта мектеп, «Ізденімпаз команда» №144 орта мектеп, «Өнерлі команда» №233 орта мектеп, «Бірлігі жарасқан команда» номинацияларымен №235 орта мектептер марапатталып,қалалық білім бөлімі мен білім беру ұйымдарының кәсіподақ комитетінің алғыс хаттары, арнайы дипломдарымен марапатталып, бағалы сыйлықтарға ие болды.

Сонымен қатар бас жүлде алған команда жаз айында «Қамбаш» демалыс орынына жолдама алды. Сондай-ақ, шара барысында қайырымдылық жәрмеңкесі ұйымдастырылды.
16 наурыз 2019 ж. 1 773 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031