Жас мамандар сынға түсті
Сенбі күні №11 «Балапан» бөбекжай-балабақшасында аудандық білім бөлімі және кәсіподақ комитеті жанынан құрылған «Серпін» жастар кеңесінің ұйымдастыруымен «Кемел елдің келешегі – білім, білік, тәрбие» атты жас ұстаздардың интеллектуалды сайысы өтті. Шараны білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ комитетінің төрағасы Әбілқасым Роман ашып, ауданның түкпір-түкпірінен келген 50-ге жуық жас мамандарға сәттілік тіледі. Сонымен қатар білім саласын жан-жақты насихаттап келе жатқан аудандық «Қазалы» газетінің ұжымына білім бөлімінің атынан «Алғыс хат» табыс етті.
Мұнан соң білім бөлімінің әдіскері Жанат Сәрсембай сөз алып, сайысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.
Келесі кезекте балабақша психологы Дина Қанбетова мен Жансая Бозғұлованың ұйымдастыруымен психологиялық тернинг өтті. Сондай-ақ «Логика әлемі», «Қызық екен», «Балалық шаққа саяхат», «Әуенді тап» секілді сайыстар мәресіне жетті.
Аталмыш шара соңында үздік деп танылған жас ұстаздар «Алғыс хаттармен» марапатталды.
Ерлан ӨЗБЕКБАЕВ,
№226 гимназияның мұғалімі