Жол қалыпқа келтіріледі
Ауданда “Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған жол картасы” мемлекеттік бағдарламасының іске асырылуы басталды. Аталған бағдарлама аясында әлеуметтік-мәдени тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектілерін және инженерлік-көлік инфрақұрылымдарын жөндеу жұмыстары жүзеге асырылады.
Осындай инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру шеңберінде Әйтеке би кентінде 9 көшеге орташа жөндеу жүргізу жобасы басталды.
Атап айтқанда Т.Әубәкіров, С.Сейфуллин, Ж.Шерипов, Ж.Ақбаев, А.Молдағұлова, Н.Жәлімбетов, Сырым батыр, Б.Нұрпейсова, Біржан сал көшелерін жөнге келтіруді «Қазалы – Жолшы» мердігер мекемесі қолға алды. Ауқымды шаруаны жүйелі атқару мақсатында халықты жұмыспен қамту орталықтары арқылы жұмысқа 20 адам орналастырылды. Қазір жолды тегістеп дайындау шаралары жүргізілуде. Оған 3 автогрейдер, 4 қаптағыш (каток) пен 1 асфальт төсеуші техникалары жұмылдырылады деп көзделуде. Толықтай жолға асфальт төсеп, пайдалануға беру тамыз айына жоспарлануда. Жалпы 6 шақырым жол кестеге сай жөнделеді деп күтілуде. Жолдарды қалыпқа келтіруге қарастырылған қазына қаржысы мақсатты игерілетіндігіне сенім мол.
Сонымен қатар «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында Майдакөл ауылдық округі, Бекарыстан би елді мекеніндегі Ү.Түктібаев көшесін орташа жөндеу жұмыстарына бөлінген тиісті қаржы көлеміне қарай жүзеге асырылуда. Жоба сметалық құжаттары дайындалды. Бұл жобаны «Нұрас и К» мердігер мекемесі ұтып алды. Алдағы уақытта бекарыстанбиліктер тақтайдай тегіс жолдың игілігін көреді.

Айнұр ҚАЗМАҒАМБЕТОВА