Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ғани Мұратбаев ауылын газдандыру жұмыстары басталды

Ғани Мұратбаев ауылын газдандыру жұмыстары басталды

Қазалы ауданындағы Ғани Мұратбаев ауылын газдандыру жұмыстары басталды.
Жұмыс басталмас бұрын аудан әкімі Мұрат Ергешбаев ауыл тұрғындары және «Сапақ» өндірістік кооперативінің жұмысшыларымен кездесті.
Аудан басшысы бүгін Мұратбаев ауылының тұрғындары үшін өте қуанышты күн екенін жеткізіп, құттықтау сөз сөйледі.
– Бүгінгі күн, расында да, сіздер үшін үлкен мереке. Өйткені бұл қуанышты сәтті талай жылдар асыға күттіңіздер. Бүгін, міне, сол армандарыңыз орындалып отыр. Енді аз ғана уақыттан кейін құрылыс жұмыстары аяқталып, көгілдір отынды пайдаланатын күн алыс емес.
Бұл жобаның жүзеге асуына «Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған жол картасы» мемлекеттік бағдарламасының ықпалы зор.
Жасыл желегі жайқалған Сіздердің ауылдарыңызда «Жол картасы» арқылы тағы да 7 көшеге асфальт төселіп, балабақшаға жөндеу жұмыстары жүргізіледі.
Сондай-ақ, ауылды аяқ сумен қамтамасыз ететін «Ақарық» каналының арнасы тазаланады, – деді Мұрат Нәлхожаұлы.
Ауылдағы ауқымды істің басталуына ұйытқы болған аудан басшыларына ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Бурабай Рахметов алғысын айтып, ризашылығын білдірді.
Айта кетейік, қазіргі таңда Қазалы ауданында «Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған жол картасы» мемлекеттік бағдарламасы аясында 3 млрдтан астам қаржыға 42 жоба жүзеге асырылып жатыр. Оның ішінде Ғ.Мұратбаев ауылындағы 4 жобаға 500 миллионнан астам теңге бөлінген.
Қазалы ауданы әкімінің баспасөз қызметі


04 маусым 2020 ж. 1 439 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031