Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Аудан әкімі "Жол картасы" аясында жүргізіліп жатқан құрылыс нысандарын аралады

Аудан әкімі "Жол картасы" аясында жүргізіліп жатқан құрылыс нысандарын аралады

Биыл Қазалы ауданында «Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған жол картасы» мемлекеттік бағдарламасының аясында 42 жоба іске асырылып жатыр. Ол үшін бюджеттен 4 млрд. 11 млн. 89 мың теңге қаржы бөлінген. Қазіргі таңда әрбір нысан басында қызу жұмыстар жүргізіліп жатыр.
Бүгін аудан әкімі Мұрат Ергешбаев «Жол картасы» бағдарламасы аясында жүргізіліп жатқан құрылыс нысандарын аралады.
Аудан басшысы алдымен Бозкөл ауылындағы №96 мектепте жүргізіліп жатқан жұмыстармен танысты.
Мектеп ғимаратына ағымдағы жөндеу жұмыстарын «Мансури» және «Қазалы Тұлпары» ЖШС жүргізіп жатыр. Келісім-шарт бойынша ғимараттың шатыры, едені, есік-терезесі, жылу жүйесі мен электр желісі ауыстырылады. Қазіргі таңда шатыры мен терезесі ауыстырылып, жылу жүйесі мен электр желісі жүргізіліп жатыр. Жөндеу жұмыстары жаңа оқу жылына дейін толығымен аяқталады. Жөндеу жұмыстарына 48 адам тартылса, оның 24-і жергілікті тұрғындар.
Мұнан соң Мұрат Нәлхожаұлы Аранды мен Басықара ауылындағы клубтарға жүргізіліп жатқан жұмыстармен танысты. Сондай-ақ, Қ.Пірімов ауылындағы спорт ойындарына арналған алаңда болды. Құрылыс жұмыстары аяқталғанда мұнда балалар ойын алаңы және жаттығу жасайтын құрылғылар мен жүгіруге арналған жолақтар пайда болады. Бұл өз кезегінде ауыл балаларының спортпен шұғылдануына, бос уақытын тиімді өткізуіне өз септігін тигізеді.
Айта кетейік, биыл дәл осындай спорт алаңы Кеңес Одағының Батыры Үрмәш Түктібаев атындағы ауылда да пайдалануға беріледі.
Сондай-ақ бұл күні аудан әкімі «Қазалы – Қожабақы – Бозкөл – Кәукей» аудандық маңыздағы автомобиль жолының 16 мен 30 шақырым аралығына орташа жөндеу жүргізіп жатқан мердігер мекеме «МФК – Тұран» ЖШС-ның жұмыстарымен танысты.
Естеріңізге сала кетейік, аталған учаскеге жөндеу жұмыстары 2018 жылы басталған болатын. Сол жылы 3,7 км жол толықтай бұзылып, асфальт қабатын төсеу жұмыстары жүргізілді. Ал, 2019 жылы 10,3 км жол қайта тегістелді. Биыл қалған қаржы облыстық бюджеттен толықтай бөлінді. Амандық болса алдағы уақытта «Қарлаң» қалқымалы көпірі мен Қожабақы ауылының арасындағы жол толықтай асфальттанатын болады.
Аудан әкімі Мұрат Ергешбаев әрбір нысан басында мердігер мекемелердің жауапты қызметкерлеріне жұмысты сапалы әрі уақытылы аяқтауды тапсырды. Ал, ауылдық округ әкімдеріне туған жерде атқарылып жатқан жұмыстарға жанашырлықпен қарауға шақырды.
"Қазалы" ақпарат
09 шілде 2020 ж. 1 218 0

Жедел көмек жан сақтайды

06 желтоқсан 2024 ж. 173

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031