Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазалы және Қармақшы ауданында 1240 тұрғын жұмыспен қамтылмақ

Қазалы және Қармақшы ауданында 1240 тұрғын жұмыспен қамтылмақ

«Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасының елге берері көп болып тұр. Бағдарлама аясында Қазалы және Қармақшы аудандарында 1240 тұрғын жұмыспен қамтылады деп күтілуде.
Жалпы «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында Қызылорда облысына 37 млрд теңге қаржы бөлінген. Оның ішінде 3 млрд. теңгеден астам қаражат Қазалы ауданына тиесілі. Осының арқасында ауданда 42 жоба іске асырылуда. Нәтижесінде жүздеген тұрғынға жұмыс табылып, әлеуметтік нысандар жаңғыртылатын болады. Мысалы, бағдарлама шеңберінде Ғ.Мұратбаев ауылына табиғи газ апару, Ақсуат ауылынан 150 орындық клуб салу, ауданды абаттандыру, көшелерді орташа жөндеу мен жарықтандыру, әлеуметтік нысандарды ағымдағы жөндеуден өткізу сияқты өзекті мәселелер биыл шешімін табады.
Бүгінде Қазалы ауданының мемлекеттік сатып алу бөлімі арқылы 33, облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасы арқылы жарияланған 9 жобаның жеңімпаздары анықталған. Жеңімпаздардың барлығы да аудан – кәсіпкерлері. Мұны жергілікті бизнеске көрсетілген қолдау десек те болады. Қолға алынған жобалар бойынша ауданда 436 адам жұмыспен қамтылады және әр азаматтың жалақысы 85 мың теңге.
Қуаныштысы, биыл Ғани Мұратбаев елді мекеніне газ тартылады. Құрылысқа 239,507 млн теңге қаржы бөлінді. Бас мердігері «Сапақ» ЖШС көгілдір отынды тарту жұмысын ары 5 айда бітірмек. Жоспарға сәйкес жұмыспен қамту орталықтарының жолдамалары арқылы 30 адам жұмысқа алынған.
Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасының бастамаларынан Қармақшы ауданы да қалыс қалмады. Бағдарлама аясындааудан бойынша 3 млрд 550 мың теңгенің көлемінде үлкенді-кішілі 40 жоба басталып кетті. Бірінші кезекте әлеуметтік нысандар жөндеуден өтеді. Осы жобалар аясында жалпы 804 жұмыс орны, оның ішінде жұмыспен қамту орталықтары арқылы тіркеуде тұрған 409 адам жұмыспен қамтылатын болады. Басталған құрылысты қадағалау, сапасына мән беру басты назарда.

15 маусым 2020 ж. 1 119 0

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж. 110

Толымды тарту

04 қараша 2025 ж. 125

Мәңгілік мұраның мекені

04 қараша 2025 ж. 104

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930