Домбыра үйрену сабағын енгізуді ұсынды

“Бұл рухани жаңғыру жолының негізгі арқауы. Бүгінде ұлттық аспабымыз күллі әлем мойындаған мәдени құндылыққа айналды. Бұл қазақтың қасиетті қара домбырасына берілген әділ баға. “Өнер – ұлт келбеті” дейді дана халқымыз. Баршамызға ортақ құндылық домбыраны жан-жақты насихаттап, жас ұрпақтың санасына сіңіру өте маңызды.
Домбыра аспабы – қайталанбас асыл дүние. Сондықтан мектепте домбыра үйрену сабақтарын енгізу қажетті әрі дұрыс бастама. Себебі қазіргі жаппай жаһандану уақытында халқымызға тән бірегей құндылықтарды жаңғырта беруіміз керек”, – деді Қасым-Жомарт Кемелұлы.
Домбыра сабақтарын мектептерге енгізу арқылы ұлттық құндылықты жастар санасына сіңіріп, насихаттау өте маңызды деген пікір ұсынған мемлекет басшысының сөзі көпті қанаттандырды.
«ҚАЗАЛЫ» ақпарат