Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Дзюдошылар жоғары деңгейден көрінді

Дзюдошылар жоғары деңгейден көрінді

Астана қаласының «Дәулет» спорт кешенінде дзюдодан ерлер мен әйелдер арасында өткен ел чемпионатында Қызылорда облысының он спортшысы жүлдегерлер қатарынан көрінді.
Қазақстан чемпионатына Астана, Алматы қалаларынан және еліміздің барлық облыстарынан 500-ге жуық келген дзюдошылар 14 салмақ дәрежесінде жүлделерді сарапқа салды. Олардың арасында жарыстың алғашқы күнінде шеберлік байқасқан жерлестеріміз 73 келіде Серік Ақылбек пен 81 келіде Саламат Жұрқабаев Қазақстан чемпиондары атанды.
60 келі салмақта Мағжан Шамшадин, 100 келіде Әділхан Қозыбаев пен 100 келіден жоғары салмақта Еламан Ерғалиев күміс жүлделерге ие болды.
Салтанат Сұлтанбекова (48 келі), Ерлан Жақсыбеков (66 келі), Меруерт Әбубәкір мен Қымбат Тұршабек (екеуі де +78 келі) және Айбек Серікбаев (100 келі) ел чемпионатының қола жүлделеріне қол жеткізді.
Дзюдодан облыстың аға жаттықтырушысы Жанарбек Сансызбаевтың айтуынша, Сыр дзюдошылары басқа облыстардың спортшыларына қарағанда медаль саны жағынан алда болды. Олар 2 алтын, 3 күміс, 5 қола медальдармен жалпыкомандалық есепте үшінші орынға табан тіреді. Сондай-ақ, ел чемпионатының қола жүлдегерлері Қымбат Тұршабек пен Меруерт Әбубәкір ҚР спорт шебері нормативін орындады. Енді спортшылар қараша айының соңында Жапонияның Асака қаласында және желтоқсан айында Алматы қаласында өтетін оқу-жаттығу жиындарына қатысса, келесі жылы облыс намысын ірі халықаралық додаларда қорғайтын болады.
Спортшыны жаттықтыру мен жеңіске жетелеуде бапкердің рөлі зор. Ел чемпионатына облыс құрамасын Жанарбек Сансызбаев, Қален Қалиұлы, Ришат Бурлов, Қайрат Баякенов және Арман Молдаханов дайындады.
16 қараша 2018 ж. 1 304 0

Ұрпағы ұлықтаған Самұрат би

31 желтоқсан 2025 ж. 142

Кәсіпкерлікке қолдау кең

31 желтоқсан 2025 ж. 153

Шаттық сыйлаған шырша тойы

31 желтоқсан 2025 ж. 165

Аудан әкімі ауылдарды аралады

31 желтоқсан 2025 ж. 155

Аудан әкімінің құттықтауы

31 желтоқсан 2025 ж. 157

Жылан жылындағы жақсы істер

31 желтоқсан 2025 ж. 131

Жылқы жылынан не күтеміз?

31 желтоқсан 2025 ж. 154

365 күндегі 100-ші басылым

31 желтоқсан 2025 ж. 131

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031