Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Төреғали Төреәлі мен Ерке Есмахан “Нұр Отан” партиясына қабылданды

Төреғали Төреәлі мен Ерке Есмахан “Нұр Отан” партиясына қабылданды

Бір кездері дуэт айтып, елдің сүйіспеншілігіне бөленген Төреғали Төреәлі мен Ерке Есмахан "Нұр Отан" партиясының мүшесі атанды, деп хабарлайды Stan.kz.
Бұл туралы қос өнер иесі инста-парақшаларында хабарлады.
“Бүгін туған күніммен қатар болып жатқан бір қуанышпен бөлісейін! Бүгін мен “Нұр Отан” партиясына өтіп, партия билетін алдым. Еліміздің ең беделді, жетекші саяси партиясының қатарында болу – үлкен мəртебе. Биылғы жыл мен үшін сəттілік жылы, белес жылы болды, жалпы! Келер жыл бұдан да биік белесті көрсететін жыл болсын!” – деп жазды Ерке Есмахан.
Ерке партияға кіргенін сүйіншілеп хабарласа, Төреғали өнер азаматтарына қолдау көрсетіп жүрген партия төрағасының бірінші орынбасары Мұхтар Құл-Мұхаммедке деген алғысын жеткізді.
“Бүгін Алланың қалауымен Тұңғыш Президент күні аясында ұйымдастырған “Нұр Отан” партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары: Мұxтар Құл-Мұxаммед ағамыздың қабылдауында болдым! Мұxтар Құл-Мұxаммед ағамыз қазақ жастарының, қазақ өнерінің шынайы жанашыры! Кезінде өзімнің түлеп ұшқан ордам қазақтың төл өнері “айтыстың” арқасынан қағып, белін буған еді! Әрбір қазақтың еңбегін тасада қалдырмай елеп, ескеріп жүргеніне куә болдым! Бүгінде қанат қағып, қырандай еріксіз қалықтауымызға көп септігін тигізген бірден-бір азамат осы ағамыз! Мұxтар ағамыздай елім деген ерлеріміз аман, бейбітшілік заман болсын ағайын!” – деді Төреғали.
30 қараша 2017 ж. 2 157 0

Сенбідегі серпін

01 сәуір 2025 ж. 183

Сыр перзенті

01 сәуір 2025 ж. 169

Кеудесін оққа тосқан

01 сәуір 2025 ж. 162

Tik-Tok тәлім бере ме?

01 сәуір 2025 ж. 173

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930