Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қаржылай көмек көрсетті

Қаржылай көмек көрсетті

"Нұр Отан" партиясы Қазалы аудандық филиалының мәжіліс залында "Қазақстан РТРК" АҚ-ның Қызылорда облыстық филиалының директоры, Әдеп жөніндегі кеңес мүшесі Жағыппар Қарабала аудан тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдады. Қоғамдық қабылдауға келген азаматтар өздерінің өзекті мәселелерін алға тартты. Қоғамдық қабылдауға келген Әйтеке би кенті, Айболсынов көшесі №4 үйдің тұрғыны Г.Калилаева мен Ақсуат ауылында тұратын Г.Аязбаева жұмыссыз екендерін алға тартып, тұрақты жұмысқа орналасуға көмек сұрады. Аталған мәселе бойынша Жағыппар Аманжолұлы жұмыс көздерін қарастырып, белгілі мерзім ішінде хабар беретінін айтты. Сондай-ақ қабылдауда болған Әйтеке би кенті, М.Шоқай №242 үйдің тұрғыны, көпбалалы, жалғызбасты ана М.Избаева және Әйтеке би кенті, Жанқожа батыр көшесі №137 үй, 9 пәтер тұрғыны,тұрмыс жағдайы төмен С.Сейталиева әлеуметтік жағдайларын айтып, қысқа арналған қатты отын алып беруге көмек сұрады. Жалғызбасты аналардың тілегіне назар аударған Ж.Қарабала тұрғындарға 60 мың теңге қаржылай көмек көрсетті.
«ҚАЗАЛЫ» ақпарат.
30 қараша 2017 ж. 2 241 1

базарбаева гульназ от 25 қаңтар 2019 14:38
мен БАЗАРБЕВА ГУЛНАЗ  .сіздердің қаржылай көмек көрсету орталығына сұрап білуге болса , мен жанғыз бастты анамын екі балам бар айлығым томенгі айлық 40 мын,сіздерден ақшалай көмек алып қосымша жұмыс жасаса болама?
және не қандай документ жыйнау керек.қайда бару керек.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2023    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
  • Қытайда екі миллиардтан астам вакцина салынды