Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » КЕМЕҢГЕР КӨШБАСШЫМЕН – КЕЛЕЛІ КЕЛЕШЕККЕ

КЕМЕҢГЕР КӨШБАСШЫМЕН – КЕЛЕЛІ КЕЛЕШЕККЕ

   Бейсенбі күні ауданымызда Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай «Нұр Отан» партиясы Қазалы аудандық филиалының ұйымдастыруымен «Кемеңгер көшбасшымен – келелі келешекке» тақырыбында мерекелік шара өтті.
     Салтанатты шара Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұранынан бастау алды. Мерекелік жиынның алғы сөзін алған «Нұр Отан» партиясы Қазалы аудандық филиалының төрағасының бірінші орынбасары Қасқырбек Мәмбетжанұлы аталмыш шараның мән-маңызына тоқталып, мерекелік лебізін білдірді.
      Жиын барысында жақында ғана мәресіне жеткен Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» атты тарихи мақаласы аясында «Нұр Отан» партиясының ұйымдастыруымен «Отан қуат-Отбасы шуақ» тақырыбымен жас отбасылар арасында өткен сайыстың марапаттары табысталды. Жарыс қорытындысы бойынша байқаудың бас жүлде иегерлері, үздік отбасы, жарасымды жұп ретінде Ғазиз Омаров пен Динара Ақниетова танылды.
      Партия жанынан құрылған 36 бастауыш, 149 топтық ұйым бойынша партия мүшелерінің саны 5500 ге жетіп отыр. Осыған орай Тұңғыш Президент күні қарсаңында, «Нұр Отан» партиясының қатарына жаңадан қабылданған мүшелеріне жаңа үлгідегі партиялық билеттер табысталды.
      Мерекелік шарада партия белсенділері де марапатсыз қалмады. Қадиша Жолдыбай, Еркін Құсан және Раушан Теңізбаеваға «Нұр Отан» партиясы Қызылорда облыстық филиалының «Алғыс хаты» табысталса, тағы бірнеше партия мүшелері «Нұр Отан» партиясы Қазалы аудандық филиалының «Алғыс хатын» алды.
    Жиынды қорытындылай келе шара қонақтары өздерінің Елбасыға деген жүрекжарды лебіздерімен бөлісіп, естелік суретке түсті. Мерекелік жиын әсем әнмен тәмәмдалды.
Ринат ӘБДІҚАЛЫҚ
30 қараша 2017 ж. 1 606 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031