Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Сыртқы нарықта сұранысқа ие

Сыртқы нарықта сұранысқа ие

Бүгінгі Қазалы – тек ішкі нарықты қамтамасыз етуші ғана емес, халықаралық деңгейде ауыл шаруашылығы өнімдерін экспорттаушы әлеуеті зор өңір. Жылдан жылға ұлғайып келе жатқан экспорт көлемі – бұл аудан диқандары мен шаруаларының маңдай тері мен тынымсыз еңбегінің жемісі.
Қазіргі таңда Қазалыдан жөнелтілетін күріш, балық пен қамыс секілді өнімдер әлемдік нарықта сұранысқа ие болып, өңірдің экономикалық өсіміне серпін беруде.
Алдағы уақытта экспорттың аясын кеңейту, өнім түрлерін арттыру арқылы ауданның аграрлық келбеті жаңа белестерге көтеріледі деп күтілуде. Бұл бағыттағы жүйелі жұмыс пен мемлекеттік қолдау – Қазалыны аграрлы өңір ретінде ғана емес, экспорттық қуаты зор аймақ ретінде таныта түсетіні анық.
Қызығы, Қазалыны әлемге әйгілі етудің алғышарттары әлдеқашан бастау алған. Оған дәлел ауданның экспорттағы бүгінгі әлеуеті. Қазірдің өзінде аудан бұл салас бойынша біршама көрсеткіштер көрсетіп, экспорт көлемін ұлғайту үстінде. Қолда бар мәліметке сенсек,есепті кезеңде ауданнан алыс-жақын шетелдерге 4728,4 тонна ауыл шаруашылығы өнімі экспортталғанын аңғардық. Бұл – өңірдің агросаласы жыл санап дамып, сыртқы нарықта да сенімді серіктеске айналып келе жатқанының айғағы.
Қазалы өнімдері Ресей, Беларусь, Дания, Германия, Тәжікстан, Қытай, Литва және Нидерланды мемлекеттеріне экспортталған. Жөнелтілген өнім түрлеріне тоқталар болсақ, 1010,1 тонна күріш, 419 тонна балық, 3299,3 тонна қамыс.
Күріш – Қазалының брендіне айналған өнім. Сырдың суына сүйеніп өсетін ақмаржан – шетелдік нарықта сапасымен танылған. Қазалылық диқандар өндірген күріш Германия, Литва және Ресейде жоғары сұранысқа ие.
Қазалыдан экспортталатын өнімдердің ішіндегі ең көлемдісі – қамыс. Есепті кезеңде 3299 тоннадан астам қамыс сырт елдерге жөнелтілген. Бұл – өңір үшін тың әрі табысты бағыттардың бірі. Қамыс негізінен құрылыс және биоэнергетика салаларында пайдаланылатыны белгілі. Қазіргі таңда қамысқа деген сұраныс Дания мен Нидерланды сияқты экологиялық технологияға ден қойған елдерде артып келеді.
Қазалы балық шаруашылығы үшін де қолайлы аймақ. Бұлай деуімізге негіз де бар. Өйткені бүгінде ауданнан экспортқа 419 тонна балық шығарылған. Балық өнімдері экологиялық тазалығымен және табиғи дәмімен ерекшеленіп, шетел нарығында жоғары бағаланады.
Экспортталатын өнімдердің барлығы халықаралық талаптарға сәйкес тексеруден өтіп, ветеринариялық және фитосанитариялық сертификаттармен рәсімделеді. Бұл бағытта аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі, Ветеринариялық бақылау инспекциясы және тиісті экспорттаушы кәсіпорындар тығыз байланыста жұмыс істеуде.
Жасыратыны жоқ, Қазақстан аграрлы мемлекет ретінде жаһандық азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге сүбелі үлес қосып келеді. Әсіресе, ауыл шаруашылығы өнімдерін шетел нарығына шығаруда аймақтардың рөлі күн санап артып отыр. Солардың қатарында Сыр өңіріндегі Қазалы ауданы да бар. Еңбекқор шаруалар мен табиғаттың қолайлы жағдайын тиімді ұштастыра білген аудан бүгінде тек ел ішін ғана емес, шекара асып жатқан өнімдерімен де танылып отыр.
Тарихи тіршілігі күріш, балық және қамыс шаруашылығымен тығыз байланысты Қазалының бүгінгі экспорттық әлеуеті – жергілікті ауыл шаруашылығының дамуы мен сапаның жоғары көрсеткіші. Жыл сайын әлемнің бірнеше мемлекетіне жөнелтілетін өнімдер ауданның экономикалық белсенділігін көрсетіп қана қоймай, халықаралық нарықта сенімді серіктес ретіндегі орнын айқындай түсуде.
Арайлым ҚУАНТҚАНҚЫЗЫ
19 тамыз 2025 ж. 38 0

Жұрт ағылған жәрмеңке

19 тамыз 2025 ж. 21

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031