Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда күн суытып, жаңбыр жауады

Қазақстанда күн суытып, жаңбыр жауады

Фото: Pixabay.com
Синоптиктердің болжамы бойынша, 19 тамызда батыс және шығыста, 20–21 тамызда солтүстік-батыста, ал 21 тамызда солтүстікте қатты жаңбыр болады. "Қазгидромет" РМК мамандарының мәліметінше, алдағы күндері еліміздің аумағына солтүстік-батыс бағытынан жылжып келе жатқан циклон ықпал етуді жалғастырады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.
Оның әсерінен батыстан шығысқа қарай ауыспалы бұлтты, найзағайлы және жауын-шашынды ауа райы күтіледі. Кей өңірлерде бұршақ жаууы және екпінді желдің күшеюі ықтимал.
"Алдағы күндері Қазақстан Республикасының метеорологиялық жағдайына батыс аймақтардан шығысқа қарай жылжып келе жатқан солтүстік-батыс циклон әсер етуді жалғастырады. Ол ауыспалы бұлтты, найзағайлы жаңбырлы ауа райын қалыптастырады, күндізгі сағаттарда бұршақ пен екпінді желдің күшеюі ықтимал. Күшті жаңбырлар 19 тамызда батыста және шығыста, 20–21 тамызда солтүстік-батыста, ал 21 тамызда еліміздің солтүстігінде күтіледі. Ал оңтүстік өңірлерде антициклонның ықпалымен негізінен құрғақ әрі ашық ауа райы сақталады. Республика бойынша желдің күшеюі, түнгі және таңғы сағаттарда тұман күтіледі.
Ауа температурасы солтүстік өңірлерде төмендейді: түнде +10…+17 °C, күндіз +17…+25 °C болады. Шығыста түнгі температура +5…+15 °C шамасында, күндіз аздап көтеріліп, +22…+29 °C дейін жетеді. Қалған аймақтарда ауа температурасының айтарлықтай өзгерісі болжанбайды", — делінген хабарламада.
19 тамыз 2025 ж. 269 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031