Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Сен де «сдачты» біледі екенсің...

Сен де «сдачты» біледі екенсің...


Фото: ашық дереккөзден алынды
Түс ауа асығыс шыққан мен сөмкемнің түбін ақтарып, тиын-тебенді жиеніме ұстата салдым. Ондай сәтте ол шын қуанып қалады. Тіпті қолына дүниенің бар байлығы тигендей, бойына қарамастан төбесі көкке жеткенше секіреді. Әнеугүні алақанына ұсақ ақшаны төгіп кеп жібердім. Алды-артына қарамастан, қуанған күйі дүкенге қарай жүгіре жөнелді. Әдетте өзім ертіп, қалағанын әпере саламын.
Бір күні қатты асығып бара жатып, қалтамда тұрған жалғыз 5 мың теңгені кішкентай жиенімнің алақанына салып, дүкенге жұмсадым. "Мына кішкентай затты ғана ала салшы" деп, нақты айтып та жібердім. Бір кезде дүкеннен қайтып келіп, затымды қолыма ұстатты да, өзі жөніне жүре берді.
– Әй, тоқташы, дүкенші «сдача» қайтармады ма? – деп соңынан ілестім.
Сонда әлгі пысықай жиенім жалт қарап:
– Еее, сен де «сдача» дегенді біледі екенсің....– деп еш қымсынбастан күліп жібермесі бар ма?!
Сөйтсем, қалған ақшаның бәрін жиенім өзімнің туған ініммен бірге «жұмсап» үлгеріпті. Кішкентайын алға салып, екеуара келісіп қойған боп шықты.
Сол сәтте ренжуге де, күлуге де болмаған. Іштей: «Баланың аңқаулығы мен ағасының айласы үйлесіп кеткен екен» деп күліп жүре бердім...
Бірақ сол күннен соң, жиеніме ақша ұстатқанда, ойланатын болдым. Дегенмен оған деген ішкі мейірім мен ықыласым қай кезде де басым түсіп тұратын. Қалтамда қалған соңғы тиын болса да, «алақаныңды аш» деп, соның уысына салатыным бар.
Бірде жұмыстан келіп, қақпадан үйге еніп жатсам жатсам, аулада сол жиенім мен інімнің сыбырласып отырғанын құлағым шалды. Екеуінің күлкісінен әлдене жасырын жатқанын сездім. Сақ жүріп, тасада тұрып тыңдадым.
– Сен айтқандай істедім. Өзің айтқандай, сдачаны білмейтін түр көрсеттім, – деді жиенім.
– Жақсы, сені тағы әпкем дүкенге жұмсаса, сдачаны қайтарма. Артылған ақшаға мен саған балмұздақ алып беремін, ал мен кешке «плейстейшен»-ға барамын, – деді інім ыржиып.
Екеудің әңгімесін тығылып, тыңдап тұрған менің сол сәтте жүрегім шым ете қалды. Жиенімді түсінем. Ол әлі бала. Бірақ туған інімнің осындай айлаға барып жүргені ауыр тиді. Кішкентайдың аңғалдығын пайдаланып, өз құлқыны үшін қолдануы, мейірімді манипуляцияға айналдыруы – менің көңіліме көлеңке түсірді.
Сол кеште інімді оңаша шақырып алдым.
– Назар, бала деген – сенім. Сен бүгін сенімді саудаға салдың. Есіңде болсын, аз ғана тиын үшін, көп нәрседен айырылып қалуың мүмкін, – дедім сабырмен.
Інім көзін тайдырып:
– Мен тек... мен тек... деген күйі кібіртіктеп қалды. Артынан:
–Әпке, мен плейстейшн-ға барғым келді, – деді күмілжіп.
– Ау, Назар, мен сені тиыннан қағып жатқам жоқ қой. Соны сұрасаң да беремін емес пе? Бұның қай қылығың? Әмірді ортаға салып, жаман әдетке үйір еткенің қалай? – дедім даусымды көтере сөйлеп. Інім басын төмен түсірген күйі үндемей мені тыңдады.
– Назар, бастапқыда ештеңе жаман боп көрінбейді. Бірақ ертең әдетке айналса қиын.
Бұның соңы жақсы емес. Өтіріктен, адамды алдап, арбаудан аулақ бол. Үлкен болып өзіңнен кішіні жаман әдетке үйір етпе, – дедім.
Ол үнсіз қалды. Мен де көп созбадым. Екеуміз сол кеште ұзақ отырып шай іштік. Артық сөз айтылмады. Бірақ екеуміздің де ішімізде бір жаңғырық қалды. Біріміз – кешірім, біріміз – жауапкершілік деген ұғымның шекарасынан өттік.
Ал жиенім... ертесі тағы мәз болып жүгіріп келді. Қолында дүкеннен алған тәттісі. Бірақ бұл жолы:
– Мен сдачаны Ару тәтеге апарып бердім! – деді жиенім інім Назарға қарап қуана.
Жымиып, басын сипадым. «Міне, тәрбие осылай басталады» дедім ішімнен.
– Сен де «сдачты »біледі екенсің, иә? – деп күлгені әлі күнге құлағымнан кетпейді.
Ол кішкентай ғана алақанын айқара ашып, тәттіге толы қалтасын маған көрсеткенде, маған сол сәтте бүкіл әлем жылып кеткендей көрінген. Жымиып тұрып, «мәссаған, мынау расында да тапқыр болып барады» деп ойлағанмын ішімнен.
Ал ішімнен ғана емес, сырттай да күліп жібергенмін. Бір жағы іштей қынжылдым, бір жағы сүйсіндім. Балалық деген – айна. Сен үйреткенді бұлжытпай қайтарып береді. Бірақ інімнің« тәрбиесімен» жиенім тапқан тапқырлығы менің мейірімімді сынап тұрды.
Содан бастап дүкеншіге «Сдачаны өзіме бер!» деп айтатын болдым. Әйтпесе, балаларда қазір «экономика» жақсы жүріп тұр...
Арайлым ҚУАНТҚАНҚЫЗЫ
14 тамыз 2025 ж. 172 0

Балалықтың тәтті бояуы

14 тамыз 2025 ж. 159

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031