Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Республика бойынша дауыл соғады

Республика бойынша дауыл соғады

Еліміздің батысы мен солтүстігінде қатты жаңбыр жауады.Фото: iStock
Алдағы күндері Қазақстан Республикасының метеорологиялық жағдайына батыс аймақтардан шығысқа қарай жылжып келе жатқан солтүстік-батыс циклон әсер етуді жалғастырады. Бұл туралы Aikyn.kz сайты "Қазгидромет" ақпараты негізінде хабарлайды.
Циклон ауыспалы бұлтты, найзағайлы жаңбырлы ауа райын қалыптастырады, күндізгі сағаттарда бұршақ пен екпінді желдің күшеюі ықтимал. Күшті жаңбырлар 19 тамызда батыста және шығыста, 20–21 тамызда солтүстік-батыста, ал 21 тамызда еліміздің солтүстігінде күтіледі. Ал оңтүстік өңірлерде антициклонның ықпалымен негізінен құрғақ әрі ашық ауа райы сақталады. Республика бойынша желдің күшеюі, түнгі және таңғы сағаттарда тұман күтіледі.

Ауа температурасы солтүстік өңірлерде төмендейді: түнде +10…+17 °C, күндіз +17…+25 °C болады. Шығыста түнгі температура +5…+15 °C шамасында, күндіз аздап көтеріліп, +22…+29 °C дейін жетеді. Қалған аймақтарда ауа температурасының айтарлықтай өзгерісі болжанбайды.
19 тамыз 2025 ж. 253 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031