Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстандағы темір жолдар 57 пайызға тозған – министр

Қазақстандағы темір жолдар 57 пайызға тозған – министр

Осыған байланысты жаңа теміржол желілері салынады
Қазақстандағы темір жолдар 57 пайызға тозған – министр
Фото:
istockphoto.com
Қазақстанда ұзындығы 16 шақырымды құрайтын теміржол желісі 57 пайызға ескірген. Бұл туралы көлік министрі Нұрлан Сауранбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Теміржол желісінің жалпы пайдалану ұзындығы 16 мың км. Тозу деңгейі 57 пайызды құрайды. Бұл пойыздардың қозғалыс жылдамдығы мен қауіпсіздігіне әсер етеді. Инфрақұрылым мүмкіндіктері толық шегінде жұмыс істеп тұр», - дейді Сауранбаев үкімет отырысында.
Оның айтуынша, осы проблемаларды шешу үшін 2029 жылға дейін 5 мың шақырым жаңа жол салынып, модернизациядан өтіп жатыр. Сонымен қатар, 11 мың шақырым жол жөнделуде.
«Қазір 5 жоба бойынша жаңа құрылыс жұмыстары жүріп жатыр: олар «Достық – Мойынты», «Алматы айналма теміржолы», «Дарбаза – Мақтаарал», «Мойынты – Қызылжар» және «Бақты – Аягөз». Осы жылы, мерзімінен бұрын, екі ірі жоба аяқталады: олар «Достық – Мойынты» учаскесі мен Алматы айналма теміржолы. Келесі жылы «Мойынты – Қызылжар» және «Дарбаза – Мақтаарал» жаңа теміржолдары іске қосылады»,- деді министр.
Бұған қоса биыл 3 мың км теміржол учаскелерінде толық модернизация басталған.
«Бұл жұмыстар жаңа жолдарды салумен тең. Мысалы, «Қызылжар – Сексеуіл» учаскесінің өткізу қабілеті 8 пойыздан 25 пойызға дейін, ал «Қандыағаш – Тобыл» 7-ден 25-ке дейін көтеріледі. Бүгінде аталған жобалар Қазақстанның теміржол каркасын толығымен қалыптастырады деп айтуға болады», - деді ведомство басшысы.
Бұған дейін премьер-министр Олжас Бектенов теміржол вокзалдарын жаңғырту жұмыстарын тездетіп аяқтауды тапсырған болатын.



19 тамыз 2025 ж. 202 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031