Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Әскерден - университетке

Әскерден - университетке

Мемлекет тарапынан әскери борышын абыроймен атқарған жастарға ерекше мүмкіндік беріліп келеді. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі бекіткен арнайы бағдарлама аясында мерзімді әскери қызметін мінсіз өтеген сарбаздарға жоғары оқу орындарында тегін білім алу үшін гранттар тағайындалуда.
Осындай қолдауға ие болған жандардың қатарында Қазалы ауданының тумасы Әлинұр Болатбекұлы да бар. 2003 жылы дүниеге келген ол 2024 жылдың ақпанында Тараз қаласындағы №85395 әскери бөліміне шақыртылып, Отан алдындағы парызын абыроймен өтеп келді.
Қызмет барысында тәртіптілігімен, жоғары жауапкершілігімен және жауынгерлік дайындықтағы белсенділігімен көзге түскен Әлинұр білім грантына үміткер ретінде таңдалып, бүгінде еліміздегі жетекші оқу орындарының бірі – Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің студенті атанды.
Бұл – әскери қызметтің өмірге жаңа мүмкіндіктер сыйлайтынын дәлелдейтін жарқын мысал. Әскер – тек тәртіп пен шыдамдылық мектебі ғана емес, сонымен қатар биік мақсаттарға бастар жол.
Жас сарбаздың бұл жетістігі – жастарға үлгі. Әлинұрға жарқын болашақ, білім жолындағы белестерді бағындыруда сәттілік тілейміз!
А. ҚУАНТҚАНҚЫЗЫ
19 тамыз 2025 ж. 286 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930