Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жұрт ағылған жәрмеңке

Жұрт ағылған жәрмеңке

Қоғам сұранысына сай, халыққа сапалы әрі арзан өнім ұсыну – күн тәртібіндегі маңызды мәселе. Осы ретте өткен сенбіде Әйтеке би кентіндегі «Нұршуақ» автобекеті алаңында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылып, аудан жұртшылығы сапалы әрі қолжетімді азық-түлікке қол жеткізді.
Аталған шараға ауданға қарасты барлық ауылдық округтер мен жергілікті шаруашылықтар белсенді түрде қатысып, өз өнімдерін базар бағасынан төмен бағада ұсынды. Ет, сүт, балық, көкөніс сынды азық-түлік және өнімдері, сондай-ақ дәнді дақылдар молынан саудаланды.
Жәрмеңке барысында аудан әкімінің міндетін атқарушы Жалғас Сүйеубаев арнайы келіп, өнім өндірушілермен және тұтынушылармен тілдесті. Ол бұл бастаманың негізгі мақсаты – халыққа сапалы әрі табиғи өнімдерді тиімді бағада ұсыну екенін атап өтті. Сонымен бірге жергілікті ауыл шаруашылығы өнімдеріне қолдау көрсету, шаруалардың еңбегін бағалау – әрдайым басым бағыттардың бірі екенін жеткізді.
– Мұндай жәрмеңкелер – ауыл еңбеккерлері мен тұтынушы арасындағы алтын көпір. Осы арқылы ел экономикасының негізі – ауыл шаруашылығы саласының тыныс-тіршілігімен халық етене танысып, тікелей байланыс орнайды, – деді Жалғас Оңғарұлы.
Тұрғындар мұндай жәрмеңкелердің жиі өткізіліп тұруы әлеуметтік жағынан да, экономикалық жағынан да тиімді екенін айтуда. Бірі табиғи өнімге қуанса, енді бірі нарық бағасымен салыстырғанда үнем болғанын жеткізді.
– Осындай жәрмеңке жиі өткізіліп тұрса жақсы болар еді. Бағасы қолжетімді, әрі табиғи әрі жергілікті өнімдер, – дейді кент тұрғыны Ардақ апай.
Айта кетейік, жәрмеңкені ұйымдастырушы – Қазалы аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі. Алдағы уақытта да бұл бағыттағы жұмыстар жалғасын табатын болады.
Бекзат АСАН

19 тамыз 2025 ж. 279 0

Үш облыста жол ашылады

08 желтоқсан 2025 ж. 153

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031