Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Пойыз жолаушылары OneWeb және Starlink интернетімен қалай қамтамасыз етіледі

Пойыз жолаушылары OneWeb және Starlink интернетімен қалай қамтамасыз етіледі

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев теміржол салысын цифрландыруға қатысты түсінік берді.
Фото: freepik.com
— Министрлік теміржол саласын цифрландырудың бес бағытын іске асырып жатыр. Біріншісі — мемлекеттік қызметтерді электрондық форматқа көшіру. Екіншісі — тасымалдардың ашықтығы мен тиімділігін арттыру үшін бизнес-процестерді реинжинирингтеу. Үшіншісі — инновациялық экожүйе құру және цифрлық технологияларды енгізу. Төртіншісі — жолаушыларды OneWeb және Starlink спутниктік интернетімен қамтамасыз ету. Бесіншісі — транзиттік тасымалдарды онлайн бақылау жүйесін енгізу. 2024 жылы салада 5 мемлекеттік қызмет қолжетімді болды. Олардың барлығы электрондық форматта көрсетілді. Биыл тізілім «Қауіпсіздік сертификатын беру» атты жаңа қызмет түрімен толықтырылды. Бір жыл ішінде 28 мыңнан астам мемлекеттік қызмет көрсетілді. Оның 99%-ы онлайн форматта ұсынылған, — деді Ж. Мәдиев Үкімет отырысында.
Оның айтуынша, министрлік салаға реинжиниринг жүргізді. Оның мақсаты — саланы цифрлық түрлендіру және тасымалдардың тиімділігін арттыру.
— «Жолаушылар тасымалы» акционерлік қоғамы мен «Jusan Mobile» акционерлік қоғамы бірлесіп, пойыздарды OneWeb спутниктік интернет технологиясы арқылы сымсыз
интернетпен қамтамасыз етуді сынақтан өткізуді аяқтады. OneWeb спутниктеріне бейімделген мультимедиялық қызметтер жабдығы қолданылды. Пилоттық жоба № ¾ (Астана — Алматы) және № 67/68 (Астана — Өскемен) Talgo пойыздарында жүзеге асырылды. Деректерді беру жылдамдығы — 100 Мбит/с. Сонымен қатар, Астана — Бурабай бағыты бойынша жүретін пойызда Starlink қолданылған пилоттық жоба іске қосылды. Пилоттық жоба аяқталғаннан кейін, Министрлік оны масштабтау мәселесін қарастырады, — деді ведомство басшысы.
Бұдан бөлек ол министрлік Еуразиялық экономикалық одақ аясында транзиттік тасымалдарды бақылау жүйесін енгізіп жатқанын айтты. Осы мақсатта «Транзит» ақпараттық жүйесі құрылды. Ол жүктерді нақты уақыт режимінде бақылауға мүмкіндік береді. Еске салсақ, темір саласында 2035 жылға қарай транзиттік жүк көлемі 100 млн тоннаға дейін жетеді.

19 тамыз 2025 ж. 191 0

Оңалтудың үйлесімді орталығы

23 желтоқсан 2025 ж. 122

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031