Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Маңызды мәселелер көтерілген кеңес

Маңызды мәселелер көтерілген кеңес

Жуырда аудандық полиция бөлімінің мәжіліс залында жедел кеңес өтті. Кеңеске Қызылорда облысы Полиция Департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Аманкелді Досжанов, сондай-ақ облыстық Өзіндік қауіпсіздік басқармасының бастығы, полиция полковнигі Ержан Құдайбергенов қатысты.
Жиын барысында Қазалы ауданы Полиция бөлімінің 2025 жылдың алғашқы 7 айында атқарған жедел-қызметтік жұмыстарының қорытындысы мен тәртіп пен заңдылықты сақтау мәселелері кеңінен талқыланды. Бөлім бастығының бірінші орынбасары, полиция подполковнигі Алмат Бердібеков атқарылған жұмыстар бойынша баяндама жасап, негізгі нәтижелерге тоқталды.
Өз сөзінде Аманкелді Досжанов жеке құрамға Департамент басшылығы жүктеген нақты тапсырмаларды таныстырып, алдағы кезеңде жүзеге асуы тиіс басым бағыттарға назар аударды. Атап айтқанда, полиция қызметін цифрландыру, есірткі қылмысына қарсы күресті күшейту, алаяқтықтың алдын алу, отбасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылықпен жүйелі түрде жұмыс жүргізу, құқықбұзушылық профилактикасы мен жол қауіпсіздігін арттыру бағытындағы жұмыстар басты назарда болатынын жеткізді.
– «Полиция – халыққа жақын болу қажет» қағидасы – біздің күн тәртібімізден түспеуі керек. Бұл тек ұран емес, іс жүзінде жүзеге асуы тиіс міндет, – деді полиция полковнигі.
Сонымен қатар полиция полковнигі Досжанов бөлімнің барлық салаларына жеке тоқталып, нақты нұсқаулар берді. Облыстық Өзіндік қауіпсіздік басқармасының бастығы, полиция полковнигі Ержан Құдайбергенов әрбір қызметкердің жеке жауапкершілігі туралы ескертіп, сыбайлас жемқорлыққа жол бермеуге, елге адал қызмет етуге шақырды.
Аудандық полиция бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі Асылбай Аңсатов берілген нұсқаулар мен тапсырмаларды толық орындауға, құқық бұзушылықтардың алдын алу және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету бағытындағы басым міндеттерді жауапкершілікпен атқаруға сенім білдірді.
Арайлым ЖҮСІПОВА
19 тамыз 2025 ж. 305 0

Мәңгілік сағыныш

06 желтоқсан 2025 ж. 48

Ұстаздар үздіктер сапында

06 желтоқсан 2025 ж. 35

Өмірін әнмен әрлеген әжелер

06 желтоқсан 2025 ж. 40

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031