Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Озық тәжірибе - ортақ қадам

Озық тәжірибе - ортақ қадам

Қазалы ауданының делегациясы ауыл шаруашылығында заманауи әдістерді меңгеру, тәжірибе бөлісу және озық тәжірибелерді өз өңірінде қолдану мақсатында Түркістан облысының Отырар ауданына арнайы іссапармен барып қайтты.
Сапар барысында делегация мүшелері – аудандық ауыл шаруашылығы құрылымдарының басшылары, ірі шаруа қожалық иелері мен сала мамандары – Отырар ауданының ауыл шаруашылығында қолданылып жатқан озық технологиялармен танысты. Атап айтқанда, олар «Таймас 2024» шаруа қожалығының жұмысымен етене танысып, егін егу мен суармалы жерді тиімді игеру тәсілдері бойынша мол мағлұмат алды.
Аталған қожалық қазіргі таңда 60 гектар күріш пен 2600 гектар мақта алқабын тамшылатып суару әдісі арқылы суаруда. Бұл – суды үнемдеп, жоғары өнім алудың тиімді тәсілі. Тамшылатып суару жүйесі арқылы су тікелей өсімдіктің тамырына беріледі, нәтижесінде судың ысырап болуы азаяды әрі ылғалдылық теңгерімі сақталып, өсімдіктің бой алып өсуіне қолайлы жағдай туады. Сонымен қатар бұл әдіс жердің құнарлылығын сақтап, тұзданудың алдын алуға септігін тигізеді.
Іссапар барысында қос аудан мамандары арасында пікір алмасу, тәжірибені бөлісу, бірлескен жобаларды жүзеге асыру мүмкіндіктері де талқыланды. Қазалылық диқандар үшін бұл сапар – тың жаңалықтарға жол ашқан, кәсіби көкжиегін кеңейткен жемісті бастама болды.
Қазалы ауданы үшін суды тиімді пайдалану – күн тәртібіндегі өзекті мәселе. Сондықтан, отырарлықтардың бұл тәжірибесі аудандағы егіс көлемін ұлғайтып қана қоймай, өнім сапасын арттыруға да үлкен үлес қосатыны анық.
Сала мамандары алдағы уақытта мұндай тәжірибе алмасу сапарларының жиі ұйымдастырылып тұрғаны дұрыс деп есептейді. Өйткені, ауыл шаруашылығы – үнемі жаңарып, технологиялық жетілдіруді қажет ететін сала. Ал үйренуге ұмтылған, жаңа әдісті меңгеруге дайын диқандар – ауданның экономикалық дамуына серпін беретін басты күш.
Арайлым ҚУАНТҚАНҚЫЗЫ
19 тамыз 2025 ж. 24 0

Жұрт ағылған жәрмеңке

19 тамыз 2025 ж. 24

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031