Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Әлеуметтік әлеуетіміз нығаяды

Әлеуметтік әлеуетіміз нығаяды

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауын бастан-аяқ оқып, танысып шықтым. Сондай-ақ, бұл маңызды құжатты ұжымымызда да жан-жақты талқыладық.
Жолдауда «Адами капитал – жаңғыру негізі» деген жетінші міндетінде сапалы жұмыспен қамту және әлеуметтік қамсыздандырудың әділетті жүйесін жүргізу мәселесі айтылған. «Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар мен жұмыссыздар экономикалық өсімнің резерві саналады. Адамдарды нәтижелі жұмысқа тарту үшін көбірек мүмкіндік беріп, олардың жеке кәсібін бастауына немесе жаңа мамандық алып, жұмысқа орналасуына жағдай жасау керек. Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында оның құралдарын нығайта отырып, халықтың осы санаттарын кеңінен тарту қажет.
Өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды тіркеу үдерісін мейлінше жеңілдетіп, оларға мемлекет алдындағы міндеттерін адал атқару тиімді болатындай жағдай туғызу қажет. Қазақстандықтардың жаңа жұмыс орнын салыстырмалы түрде тезірек иеленуге, соның ішінде еліміздің басқа да елді мекендерінен жұмыс табуға мүмкіндігі болуға тиіс.
Бірыңғай электрондық еңбек биржасын кең ауқымда енгізу қажет. Онда бос жұмыс орындары мен жұмыс іздеушілер туралы барлық ақпарат жинақталуға тиіс.
Азаматтар үйлерінен шықпай-ақ, кәсіби бағдарлы тест тапсырып, оқу курстары мен мемлекеттік қолдау шаралары туралы біліп, өзін қызықтыратын жұмыс таба алатын бола-ды», – дейді Елбасы
Сонымен бірге, еңбек кітапшаларын электрондық форматқа көшіру, зейнетақы жүйесінің толықтай еңбек өтіліне байланыстырылуы, әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылғандарға атаулы көмек көрсетудің жаңа тәртібінің енгізілуі, ең төменгі күнкөріс деңгейінің қырықтан 50 пайызға дейін көтерілуіне бетбұрыс жасалуын халықтың тұрмыстық жағдайын жақсартуға бағытталған жағымды жаңалықтар қатарына жатқызамыз.
Бұл әлеуметтік әлеуетімізді нығайтуға бағытталған шаралар барша отандастарымыздың жүрегіне нұр құйып, жарқын істерге жұмылдыра берері сөзсіз.
Өміртай КЕТЕБАЙ,
аудандық жұмыспен қамту,
әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің сектор меңгерушісі.
13 ақпан 2018 ж. 1 054 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930