Топ-баннер
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жолдау – жыл көлемінде атқарылатын жұмыстарға бағыт-бағдар беретін жолбағдарымызға айналған

Жолдау – жыл көлемінде атқарылатын жұмыстарға бағыт-бағдар беретін жолбағдарымызға айналған

Мемлекет басшысының күні кеше жариялаған Қазақстан халқына арнаған Жолдауын толық тыңдап та, оқып та шықтым.
Шынымды айтсақ, жыл сайын осы кезеңде Жолдауды асыға күтетін жағдайға жеттік. Себебі Жолдау жыл көлемінде атқарылатын жұмыстарға бағыт-бағдар беретін жолбағдарымызға айналған.
Осы жерде Жолдауда айтылған мына мәселеге тоқталып өткім келеді.
Жолдауда Елбасы: «Адамдарды нәтижелі жұмысқа тарту үшін көбірек мүмкіндік беріп, олардың жеке кәсібін бастауына немесе жаңа мамандық алып, жұмысқа орналасуына жағдай жасау керек»,-деп баса айтты.
Бұл мәселе өзіміз де көріп отырғандай нәтижесін беруде. Былтыр елімізде басталған «Бастау Бизнес» жобасы біздің облысымызда пилоттық режимде 5 ауданда: Арал, Қазалы, Қармақшы, Шиелі, Жаңақорған аудандарында өткен болатын. Жыл көлемінде 937 ауыл азаматы оқытылып, 358 азаматтың жобасы қаржыландырылды. Жоба біздің азаматтарымызды жаппай кәсіпкерлікке тартуға, жұмыспен қамтуға айтарлықтай сеп болды.
Мемлекет басшысы да бұл жұмысқа қатысты Жолдауда: «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының бизнесті үйрету жөніндегі жұмыстары қолдауға тұрарлық», - деп жоғары бағасын берген.
Биыл да бұл жоба жалғасатын болады. Жоспар бойынша жобаға жоғарыда аталған 5 ауданнан өзге Жалағаш және Сырдария ауданының тұрғындары да қатыса алатын болды. Жыл ішінде 1600-ден астам қызылордалықты оқытуды көздеп отырмыз.
Ғалымбек ЖАҚСЫЛЫҚОВ,
Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының директоры.


11 қаңтар 2018 ж. 3 106 0

Тарихтан жеткен тағылым

03 наурыз 2026 ж. 55

Жылдам байлық иллюзиясы

03 наурыз 2026 ж. 56

Әсем әндер әуеледі

03 наурыз 2026 ж. 55

Өнермен өрілген ғұмыр

03 наурыз 2026 ж. 52

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031