Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Бағдарлама аясында бағыт берілді

Бағдарлама аясында бағыт берілді

"Нұр Отан" партиясы Қазалы аудандық филиалының ұйымдастыруымен партияның "Кедергісіз келешек" жобасы аясында 2017-2021 жылдары нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті Дамыту бағдарламасын түсіндіру, жұмыспен қамтуды және кəсіпкерлікті дамыту бағдарламасының аясында еңбек мәселелері бойынша мүмкіндігі шектеулі азаматтармен кездесу болып өтті.
Арнайы бағдарламаны түсіндіруге арналған кездесуге "Нұр Отан" партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мәмбетжан Қасқырбек Өмірзақұлы қатысып, Әйтеке би кенті, Сәтпаев көшесі № 5 үйдің тұрғыны, Мұстафаева Ақжарқын мен Жұмабаев көшесі № 65 үйдің тұрғыны, І топ мүгедегі Далиев Жанболаттың отбасында болып, мүмкіндігі шектеулі азаматтардың хал ахуалдарымен танысты. " Қазіргі таңда мүмкіндігі шектеулі азаматтарды жұмыспен қамту және олардың өмір сүру сапасын арттыру басты назарда болып отыр. Мүмкіндіктері шектеулі адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту үшін Қазақстанда бірқатар маңызды заңдардың қабылданғанын айта кеткен жөн. Осы бағдарлама аясында мүмкіндігі шектеулі жандарды жұмыспен қамтуға айрықша мән беріп, қоғамның өркениет талаптарына сай мүмкіндік жасап, оларды қатарға қосып, мәселесін бірлесе шешу баршамыздың міндетіміз. Сондықтан да сіздердің мәселелеріңіз әрдайымда партия назарында"-деді Қасқырбек Өмірзақұлы.
Сондай-ақ кездесуге келген нұротандықтар, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға әлеуметтік көмек көрсетті. Өздерінің әрдайым назарда жүретіндеріне риза болған азаматтар, разылықтарын білдіріп, баталарын берді.
Қазалы ауданы бойынша 2017 жылдың қорытындысымен 32 мүмкіндігі шектеулі азаматтар тұрақты жұмыспен қамтылса, 5 азамат арнайы бағдарлама аясында несие алып кәсіппен айналысуда, 16-сы ақылы қоғамдық негіздегі жұмысқа тартылса, 5 -еуі әлеуметтік жұмыс орындарына жіберіліп, 6 мүмкіндігі шектеулі жас мамандар жастар тәжірибесімен жұмысқа тартылды.
"ҚАЗАЛЫ"ақпарат.
18 қаңтар 2018 ж. 3 064 0

Мәдени мұра

18 сәуір 2024 ж. 85

Жанға жайлы демалыс

18 сәуір 2024 ж. 84

Қалдықсыз болашақ

18 сәуір 2024 ж. 70

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930