Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордада қатты желдің әсерінен бірнеше ауыл жарықсыз қалды

Қызылордада қатты желдің әсерінен бірнеше ауыл жарықсыз қалды

Қызылорда облысында қатты желдің әсерінен бірнеше ауыл жарықсыз қалды. Бірнеше әлеуметтік нысанның шатыры ұшып кетті, деп хабарлайды www.inform.kz.
Алғашқысы Жаңақорған ауданында орын алды. Бүгін,24 наурызда сағат 11.30 шамасында Шалқия кентіндегі №86 орта мектебінің шатыры ұшқан. Шатырдың зақымданған ауданы 350-400 шаршы метрді құрайды.
«Сондай-ақ, кенттің 2 электр бағанасы кұлаған. Нәтижесінде Шалқия кенті, Қыраш, Қосүйеңкі, Бірлік, Құттықожа және Екпінді елді мекендерінің электрмен жарығымен жабдықталуы тоқтатылды. Адам шығындары мен зардап шеккендер жоқ. Қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде.
Ал тағы бір оқиға Жалағаш ауданында болды. Қатты желдің әсерінен аудан орталығындағы мәдениет үйінің шатыры ұшып кеткен. Бұл 12 сағат 30 минут шамасында орын алды. Шатардың 230 шаршы метр аумағына зиян келді. Адам шығын мен зардап шеккендер жоқ», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық жұмылдыру басқармасы.
Облыстық төтенше жағдайлар департаменті 25 наурызда секундына 15-28 метрге дейін жел соғатынын хабарлады.
24 наурыз 2020 ж. 914 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30