Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордалық құтқарушылар 7 адамның өмірін аман алып қалды

Қызылордалық құтқарушылар 7 адамның өмірін аман алып қалды

Қызылордада баржамен Қамбаш көліне тынығуға шыққан тұрғындар жағаға жете алмай қалды. Желдің күші суға арналған арнайы құралды көлдің қауіпті аумағына қарай алып кеткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Оқыс жағдай туралы хабарлама түскен бойда құтқарушылар оқиға орнына жетті. Шұғыл әрекеттің нәтижесінде 7 адам құтқарылып, жағаға қайықпен жеткізілді.
«Қауіпті жағдай Арал ауданына қарасты «Аққұмшық» жағажайында орын алды. Абырой болғанда, жапа шеккендер жоқ. Медициналық көмек қажет болмады. Осы ретте тұрғындарды қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырамыз. Баржа теңіздің өте терең тұсына кетіп қалған. Мамандардың жедел қимылдауының арқасында тынығушылар аман қалды», - деп мәлімдеді Оңтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағының құтқарушысы Талғат Тұрсанов.
Айта кету керек, өткен аптаның ішінде Қызылорда облысында 3 адам суға кетіп, ажал құшты. Зардап шегушілердің барлығы рұқсат етілмеген аумақта шомылған.
10 шілде 2018 ж. 1 663 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031