Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » 10 наурыз: Ел тарихында орын алған оқиғалар

10 наурыз: Ел тарихында орын алған оқиғалар

1932 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы құрылды. 1962 жылы 3 мамырдан 1992 жылы 6 шілдеге дейін Шымкент облысы деп аталған. 1992 жылы облысқа бұрынғы Оңтүстік Қазақстан атауын қайтарды. 2018 жылдан Түркістан облысы деп аталады. Облыс орталығы – Түркістан қаласы.
1932 жылы Ақтөбе облысы құрылды. Оның құрамына Орынбор, Қостанай, Қызылорда облыстарының бірқатар аудандары кірді. Ақтөбе облысы теңдессіз минералды-шикізат базасын иеленіп жатыр. Облыс аумағында Қазақстанның көмірсутекті шикізатының (мұнай, газ және газ конденсаты) 10 % барланған қоры және болжамды ресурстарының 30 %, сондай-ақ, республикадағы жалпы қордан отандық хромның барлық қоры, никель – 55 %, титан – 40 %, фосфор – 34 %, мырыш – 4,7 %, мыс – 3,6 %, алюминий – 2 %, көмірдің – 1,4 % жинақталған. Облыс орталығы – Ақтөбе қаласы.
2010 жылы Семейдің Жаңа тарихты құжаттандыру орталығының қызметкерлері Әзілхан Нұршайықовтың (1922-2011) осыдан 60 жылдай бұрын майданнан жазылған бірегей хатын тапты.
Мұрағаттан хабарлағандай, өлеңмен жазылған хат «Майданнан жазылған хаттар» құжаттар топтамасынан табылып отыр. «Бірегей және құнды хатты біздің жерлесіміз, жазушы, соғыс ардагері Әзілхан Нұршайықов 1944 жылы Беларусь майданында шайқасып жүрген жылдары Жарма аудандық газетіндегі әріптестеріне жолдаған. Өлеңмен жазылған хатын ол «Біз Берлинге барамыз!» деп атаған.
Аудандық газет қызметкерлері сақтауға тапсырған бұл құнды мұра кеңес дәуірінің тұсында ұзақ жылдар бойы Жарма аудандық мұрағатында сақталып келген, кейіннен ол Семейдің Жаңа тарихты құжаттандыру орталығына келіп түскен.
2011 жылы «Бір ел – бір кітап» акциясының ұйымдастыру комитетінің шешімімен 2011 жылы көпшіліктің оқуы үшін Жүсіпбек Аймауытовтың «Ақбілек» романы таңдалды.

10 наурыз 2020 ж. 687 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 73

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930