Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ауа райының бұзылуына орай 8 өңірде автожолдар жабылды

Ауа райының бұзылуына орай 8 өңірде автожолдар жабылды

Ауа райының нашарлауына байланысты еліміздің 8 өңірінде автожолдар жабылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «ҚазақАвтоЖол» РМК-ға сілтеме жасап.
Ақтөбе облысы
6 наурыз сағат 19:00-ден бастап ауа райының бұзылуына орай (қатты бұрқасын, көру мүмкіндігінің мүлдем болмауы) «Қандыағаш-Ембі-Шалқар-Ырғыз» тасжолында (0-257 шақырым аралығы, Қандыағаш қаласы-Шалқар қаласы) барлық көлік түрлері үшін қозғалысқа тыйым салынды.
6 наурыз сағат 22.50-ден бастап ауа райының бұзылуына орай (қатты бұрқасын, көру мүмкіндігінің шектеулігі) «Ақтөбе-Орск» автожолының 16-135 шақырым аралығында (Ақтөбе қаласы-РФ шекарасы) жүк көліктері үшін қозғалысқа шектеу қойылды.
Қарағанды облысы
6 наурыз сағат 19.30-дан бастап ауа райының бұзылуына орай (көру мүмкіндігінің шектеулігі) «Жезқазған-Петропавл» автожолының 65-252 шақырым аралығында (Жезді кенті-Қостанай облысы) барлық көлік түрлеріне қозғалысқа тыйым салынды.
6 наурыз сағат 23.00-ден бастап Ақмола облысында автожолдардың жабылуына байланысты «Алматы-Екатеринбург» күре жолының 1071-1142 шақырым аралығы (Теміртау қаласы-Ақмола облысының шекарасы) барлық көліктер үшін жабылды.
Солтүстік Қазақстан облысы
6 наурыз сағат 20.00-ден бастап ауа райының бұзылуына байланысты (жаңбыр, қатты көктайғақ, 15-20 м/с екпіндегі жел) бүкіл бағыттар бойынша көліктің барлық түрлеріне жолдар жабылды.
Қостанай облысы
6 наурыз сағат 20.00-ден бастап Ақмола облысы мен СҚО-да жолдардың жабылуына байланысты барлық көлік түрлері үшін келесі автожолдарда қозғалысқа тыйым салынды: «Қостанай-Әулиекөл-Сұрған» (108-232 шақырым, Әулиекөл кенті-Челгаши-Ақмола облысының шекарасы), «Жезқазған-Петропавл» (377-340 шақырым, Ақмола облысының шекарасы-Арқалық қаласы-Қарағанды облысының шекарасы), «Мамлютка-Қостанай» (180-243 шақырым, Ұзынкөл кенті-СҚО шекарасы), «Екатеринбург-Алматы» (678-729 шақырым, Сарыкөл кенті-СҚО шекарасы).
Астана
6 наурыз сағат 21.00-ден бастап ауа райының нашарлауына байланысты (қар, қатты көктайғақ, 15-25 м/с екпіндегі жел, көру мүмкіндігінің шектеулігі) көліктің барлық түріне бүкіл бағыттар бойынша жолдар жабылды.
Ақмола облысы
6 наурыз сағат 21.00-ден бастап ауа райының нашарлауына байланысты (қар, қатты көктайғақ, 15-25 м/с екпіндегі жел, көру мүмкіндігінің шектеулігі) көліктің барлық түріне бүкіл бағыттар бойынша жолдар жабылды. Павлодар облысы 6 наурыз сағат 21.00-ден бастап ауа райының нашарлауына байланысты (көктайғақ) көліктің барлық түріне бүкіл бағыттар бойынша жолдар жабылды.
Шығыс Қазақстан облысы
6 наурыз сағат 21.00-ден бастап ауа райының бұзылуына орай (қатты бұрқасын) «Омск-Майқапшағай» күре жолы (587-733 шақырым, Павлодар облысының шекарасы-Семей қаласы) барлық көлік түрлеріне жабық.
6 наурыз сағат 23.55-тен бастап ауа райының бұзылуына орай (қатты бұрқасын) «Өскемен-Семей» автожолының (48-198 шақырым, Таврия ауылы-Семей қаласы), «Омск-Майқапшағай» автожолының (756-906 шақырым, Семей қаласы-Қалбатау ауылы), «Семей-РФ шекарасы» күре жолының (3-113 шақырым, Семей қаласы-РФ шекарасы) учаскелері барлық көлік түрлеріне жабылды.

07 наурыз 2018 ж. 1 649 0

Ауқымды марафон өтті

20 қараша 2024 ж. 70

Мемлекеттік рәміздер

20 қараша 2024 ж. 65

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930