
Сары көйлекті қыз
Түн ауа Қазалыға жолға шықтық. Жол тайғақ болған соң қолға іліккен билетке тапсырыс беріп, жүрдек пойызға асыға міндік. Іші үңгірген тыныштық. Жұрттың бәрі қалың ұйқыда жатса керек. Орныма отырайын десем, әлдекім жайғасып қойыпты. Әрі-бері түртіп, ақыры ояттық. Орта жастағы келіншек екен. Аққұба келген өңі...

















